astana-view

Ақмола полицейлері мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы келісті

2023 жылғы 29 Қараша
- Ақмола облысы
18807 просмотров

Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің кезекті отырысы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Өңірлік палата мен Ақмола облысының полиция департаменті арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мақсаты – кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін құрылымды, ашық және тиімді қызмет көрсету, соның ішінде бизнес құқығын қорғау қағидаттарында институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Хусайыновтың айтуынша, бизнес субъектілері жол берген бұзышылтардың статистикасы қалыптасқан. Меморандумды сақтау тараптарға ісін адал жүргізетін кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді тетігін әзірлеуді жалғастыруға, кәсіпкерлерді әкімшілік және қылмыстық қудалауға тартуды болдырмауға мүмкіндік береді.


«Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізілгендіктен, полиция алкогольді заңсыз сатумен байланысты істерді басқаруда үлкен кедергіге тап болды. Біздің өңірде мұндай өндіріс көлемінің өсуі аясында алкогольдің бақылаусыз сатылуы жастардың ішімдікке салынуына алып келеді. Өкінішке қарай, ойын-сауық орындары зұлымдық, төбелес, мәдениетсіздіктің қайнар көзіне айналады. Биыл облыстың ойын-сауық орындарынан 102 пультке түрлі жағдай бойынша полиция 321 рет шақырылды, 12 қылмыстық іс қозғалды», – деді Ерболат Хусайынов.


Кездесу барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан қылмыстық істі тергеудің әрекетсіздігіне тап болған ірі компаниялардың бірі өз өзекті мәселесін айтты. Құқық қорғау органы кәсіпорын қоймасының аумағында ауыр жүк техникасының тұтану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Өрттен келтірілген залалдың жалпы сомасы 34 млн теңгеден асты. Компания өкілінің айтуынша, органдар қызметкерлері осы уақытқа дейін өрт болған жерге барған жоқ, осыған байланысты тергеу әрекеттері жүргізілмеген, өртке қатысқан адамдардан сұхбат алынбаған, өрттің себептерін анықтау бойынша тиісті сараптамалар жүргізілмеген, бейнебақылау камераларынан жазбалар алынбаған.


«Біз прокурорлық ден қою актілерін енгіздік, тергеу мерзімдерін тоқтату туралы анықтаушының шешімдерінің күші жойылды. Қазіргі кезде Астана қаласында өрт-техникалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті шешім шығарылады», – деп түсіндірді Көкшетау қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы Алмас Жолдықов.


Айта кетейік, күн тәртібіне қойылған басым мәселелердің бірі өңірде сервистік полицияны енгізуді талқылау болды.


«Сервистік полиция – өз қызметін мемлекеттік органдар мен бизнес жүзеге асыратын қоғамның қауіпсіздік моделінің элементтерінің бірі. Модельдің негізі – мемлекеттік институттардың азаматтар, кәсіпкерлермен тұрақты серіктестігі, құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды қатар анықтау және шешу. Бұл модельді іске асырудың негізгі шарттарының бірі азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділік болмақ», – деп атап өтті Өңірлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов.


Проблемалық жағдайды талқылауды қорытындылай келе, ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек мәселелерді шешудің тиімділігіне көбінесе адам факторы әсер ететінін атап өтті.

«Жасалған меморандум аясында біз құқық қорғау органдарынан мәселені бақылауға алуды сұраймыз. Өз тарапымыздан кәсіпкерге толық көмек көрсетуге ниеттіміз. Бүгінгі таңда жағдай азды-көпті нақтыланғаны қуантады. Ол үшін біздің алаңда құрылымды диалог форматында түрлі мәселелер талқыланып, шешілетін салалық кеңестер жұмыс істейді», – деп толықтырды Ерқанат Мұсылманбек.

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер