astana-view

«Сапалы Өнім»: Ақтөбеде Кәсіпкерлер палатасы мен Сауда және тұтнышулар құқығын қорғау департаменті ынтымақтастықты нығайтты

2024 жылғы 09 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6313 просмотров

Тараптар кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ұйымдардың тарапынан теріс пайдалану фактілеріне жол бермеу, бизнес құқығын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеумен айналысады.

Тұтынушыларды жеке қабылдау барысында екі ведомствоның басшылары – Дидар Боранқұлов пен Қайрат Райымқұлов осындай келісімге келді. Қабылдау «Атамекен» өңірлік палата алаңында өтті.

Кәсіпкерлер бизнесті заңнамалық деңгейде тұтынушылардың негізсіз талаптарынан қорғауды, сондай-ақ күмәнді сапалы өнім берушілерді бақылауға алуды сұрады.

 Мысалы, ақтөбелік жарықдиодты жабдық өндірісінің өкілі мемлекеттік тапсырыс орындауда сапасы төмен, құны арзан шетелдік өнім болып жататынын айтты. Кәсіпкер Департамент тарапынан сапаны растайтын құжаттардың бар-жоғын және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін тексеру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Осыған ұқсас мәселені «Медовик» жеке кәсіпкерлігі көтерді. Өңірге танымал омарташы Александр Сенацкий өзіндік құнынан төмен бағамен сатылатын импортталған бал өнімін тексеруді сұрайды. Өнімнің сапасы мен сертификаттардың болуы күмән тудырады, дейді ол. Кәсібін адал жүргізетін өндірушілердің имиджіне әсер ететін мәселеге омарташы өзінің алаңдаушылығын білдірді.

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы кәсіпкерлердің мәселелеріне түсініктеме бере отырып, департаментке жазбаша өтініштер жазуды ұсынды. Соның негізінде тиісті жұмыс жүргізілетін болады.

Қабылдауда «Энергия» ЖШС өкілі бүгінде тұтынушы өндіруші мен сатушыға қарағанда заңнамалық деңгейде көбірек қорғалғанын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлер кейде клиентпен өзара іс-қимыл тізбегінде зардап шеккен ретінде өтуі мүмкін. Дүкенге тұтынушы 14 күн ішінде тауарды қайтарып беруі жағдайлар жиеленіп кетті. Бұған қоса клиенттер пайдаланып қойылған тауарды қайтарады. Осылайша дүкенге қолданып қойылған жылыту радиаторлары қайтарылған. Радиатордың қолданылғанын сарапшы ғана тексере алады.  Кәсіпкер Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның 30-бабына түзетулер енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс бизнестен жазбаша түрде қабылданады және Департаментке беріледі.

 Жиында «Дәулеталина С.» жеке кәсіпкерлігінің мәселесі жалдау шартын ұзартуға жәрдемдесуге қатысты. Кәсіпкерге ӨКП құқықтық блогы заңдық сүйемелдеу жүргізеді.

«Мәселелер шеңбері бизнес арасында осындай қабылдау күннің қажеттілігін көрсетті. Бұл бағытта біз департаментпен тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және қорғау бойынша жүйелі шешімдерді іздеуде сындарлы ынтымақтастық туралы келістік. Сондай-ақ, «Сапалы Өнім» жобасы аясында ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғау мәселелері бойынша бірге жұмыс істейміз», – деп түсіндірді Палата директоры Дидар Боранқұлов.

 

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол сауда саясатында реттеу шараларын әзірлеуге бағытталған.

«Сапалы Өнім» жобасының міндеттері тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес сектор, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, кәсіпкерлік қоғамдастықты ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруды қамтиды», – деп түсіндірді сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің жетекшісі Қайрат Райымқұлов.

Бұл ынтымақтастық консультациялық қызметтер көрсету, тараптар өкілдерінің түйткілді мәселелерді шешу, соның ішінде «Атамекен» палатасының қолданыстағы салалық кеңестері шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларға қатысуына негізделетін болады.

Кәсіпкерлерді қабылдауға «Сіздің құқығыңыз» тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ҚБ төрайымы, заң консультанттары палатасының мүшесі Расима Латыпова қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер