astana-view

Кәсіпкерлер Алматының дизайн-кодын жетілдіру жұмысына тартылды

2024 жылғы 14 Ақпан
- Алматы қаласы
11218 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері жаңадан қабылданған қала дизайн-кодының брендбуктарын әзірлеу тәсілдеріне ұсыныстар жинау бойынша семинар өткізді.

 Еске салсақ, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласының дизайн-коды қабылданды. Дизайн-код осы жылдың наурызында қолданысқа енгізілуі тиіс. Кәсіпкерлерге жаңа талаптарға көшуге 1,5 жыл мерзім берілді. Кәсіпкерлер үшін жаңа талаптарға бейімделу шеңберінде бастапқы кезеңдерде субсидиялау нұсқалары қарастырылып жатыр. Дизайн-код туралы заң қалалық ортаның мынадай нысандарын реттейді: 

  • түрлі ақпарат тасымалдауыштарды рәсімдеу және толтыру, сондай-ақ ақпарат орналасқан объектілерді әрлеуге қойылатын талаптар;
  • навигация жүйесінің элементтерін орнату және безендіру бойынша талаптар;
  • көше жиһаздарын, стационарлық емес сауда объектілерін таңдауға және орналастыруға және қала аумақтарын құрылыстың негізгі морфотиптері бойынша қатысы жоқ жіктеуге қойылатын талаптардың базалық тізбесі;
  • жергілікті табиғи-климаттық жағдай, жасыл кеңістіктердің ерекшеліктері және экологияның қажеттіліктерін ескере отырып, қалалық ортаны көгалдандыру бойынша ландшафт дизайнына қойылатын талаптар;
  • қасбеттік элементтерді безендіру және әрлеу бойынша талаптар;
  • уақытша қоршау элементтерін ресімдеу бойынша талаптар.

 Мұндай семинарлар әр брендбукке сұранысты талқылау және қалыптастыру бойынша ең тиімді сараптамалық жұмыс жүргізуші үшін өткізіліп жатыр.

 Айта кетейік, семинар «Атамекен» өңірлік палатасы жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің бірінші отырысы аясында өтті.  Кеңес құрамына көрнекті қайраткерлер, кәсіби-практиктер кірді. Атап айтқанда, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры Рашида Шайкенова, ҚР Альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының вице-президенті Бағлан Жүнісов, «Туранга Group» ЖШС басшысы Алексей Гужавин, «The Ultimate Visionary Group» ЖШС компаниялар тобының негізін қалаушы Дмитрий Лактюшин, AB Restaurants мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Асқар Байтасов, «Облака» ЖШС басшысы Сергей Спицын, «Chimbulak Development» ЖШС директоры Ринат Әбдірахманов, «Sky Way LTD» ЖШС басшысы Әсем Қозбағарова, Global Air бас директоры - American Express Гүлден Оспанова, «Давай сходим» медиа-холдингінің негізін қалаушы Әлішер Тойгулиев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Назерке Мұндаханова.

Жиналыс модераторы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов туризм саласындағы бизнес-қоғамдастық белсенділігінің қаланы дамытудағы маңызын айтты.

«Туризм саласының алдында тұрған нақты міндет – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету және дамыту, туристерді көбірек тарту, туристің демалысы мен серуені үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылым мен қызметтерді жақсарту, сондай-ақ  қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыру», – деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін Туризм кеңесінің жұмысы өзгертілді. Енді консультативтік-кеңесші орган қоғамдық бастамалардан кетіп, іскерлік қызметке ауысады.

 Спикер сондай-ақ жаңартылған Туризм кеңесі барлық мүдделі тараптың күш-жігерін үйлестіру, стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ саланы дамыту жолындағы ағымдағы проблемалар мен кедергілерді жедел шешуге көмектесетінін атап өтті.

 «Әр бастамада әрқайсымыз үшін мотивациялық кезеңі болады. Бәріміз біріксек, нақты нәтижеге жете алатынымызды сезу, есту, түсінудің өзі құлшындырады. Бірақ сол нәтиже нақты, тез әрі түсінкті болуы керек. Жұмысын қайта бастаған кеңестің ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Көздегеніміз бір, ойымыз ортақ: қаламызды көркейту, туризмді дамыту», – деді ТОО «The Ultimate Visionary Group» компаниялар тобының негізін қалаушы Дмитрий Лактюшин.

Белсенді бизнес-қоғамдастықтың қаншалықты маңызды екенін «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры Рашида Шайкенова атап өтті.

«Біз ресурстарды, адами капиталды дамытуға көп көңіл бөлеміз. Алғашқы қадамдар жасалды – кеңестің жұмысын қайта форматталды. Бұл шаралар кейіннен өңірлік палатаның жұмысын қалыптастыратын стратегиялық міндеттерді шешуге дұрыс көзқарасты айғақтайды. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Рашида Шайкенова.

 Кеңес туризмді дамытудың үлкен әлеуетін көріп отыр. Сонымен қатар, қаланың архитектуралық көрінісі мен көшедегі жазу, жарнама мазмұнын реттеу үлкен маңызға ие.

Туризм кеңесі шеңберінде өткен семинар бизнес тәжірибесін, сұраныстарды, негізгі проблемалар мен мүмкіндіктерді талдауға бағытталған. Кәсіпкерлермен диалог нәтижелері техникалық тапсырманы қалыптастырады және брендбук шешімдерін жетілдіру кезінде пайдаланылатын болады.

 Жобаның бас сәулетшісі Тахмина Сафоеваның айтуынша, «Алматы дизайн-коды» жобасы аясындағы брендбук нақты шешімдері мен егжей-тегжей мысалдары бар құжат болады.

«Біз бүгін жобалық семинар барысында барлық шешім мен ұсыныстарды бірге жинайтын боламыз. Мұндай жобалық семинарлар бизнес тәжірибесін, сұраныстарды, негізгі проблемалар мен мүмкіндіктерді талдауға бағытталған», – дейді Тахмина Сафоева.

Жобалық семинарлардың қорытындысы ұсыныстарды ескере отырып, сұраныстар негізінде брендбук шешімдерін қалыптастыру кезінде пайдаланылатын техникалық тапсырма ретінде болады.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер