astana-view

Кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшелерімен кездесті

2024 жылғы 23 Ақпан
3328 просмотров

Ұлттық палата алаңында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Қазақстан кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық комиссиямен кездесуі өтті. Жиын барысында ЕАЭО аумағы бойынша тауар транзиті, қорғау сауда шаралары, тауарды таңбалау, дәрілік заттар нарығы, тауардың электрон саудасы мәселелері көтерілді.

Райымбек Баталов жиынды ашып, ЕЭК-пен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

«Біз барлық деңгейдегі кәсіпкерлердің пікірі мен мүддесін шоғырландыру, сондай-ақ бірқатар мәселені шешу, Қазақстан және ортақ нарықтың мүддесіне өкілдік ету үшін алқа мүшелерімен жеке кездесу өткізу тәжірибесін жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті спикер.  

Жиында ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бакенов комиссияның Сұлтановпен өткен кездесу шеңберінде көтерілген қазақстандық бизнес мәселелерін пысықтау нәтижелері туралы есеп берді. Онда 12 түйткілді мәселе айтылды. Оның үшеуі шешілді, бесеуі шешу процесінде, 4 мәселе бойынша қажетті түсініктемелер берілді.

Атап айтқанда, спикер шекарадағы өткізу пункттерінің санын ұлғайту процесі жалғасып жатқанын, өткізу пунктері арқылы Ресейден Қазақстанға автокөлікпен ағаш материалдарын әкетуге жол берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, Маштаково-Сырым және Орск-Әлімбет, сондай-ақ Николаевка-Аят және Звериноголовская-Обаған сияқты пунктер ашылатынын хабарлады.

Кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин қазақстандық тасымалдаушылар тап болған ЕАЭО ішіндегі транзитті шектеу мәселелеріне, атап айтқанда Ресей-Беларусь шекарасын кесіп өту кезіндегі кедергілерге назар аударды. «Атамекен» өкілі көлік компаниялары «Красное», «Рудня» және «Красный Стоун »өткізу пунктері арқылы да еркін жүре алатындай өткізу пунктердің санын кеңейту қажеттігін білдірді. Қазіргі кезде ҚР азаматтары-жүргізушілерімен жүк автомобильдерін «Езерище – Лобок» учаскесі арқылы ғана өткізіп жүр.

 Қазақстандық тасымалдаушылардың алдында тұрған тағы бір проблема – бір көлік құралына бір транзиттік тасымалдау кезінде екі транзиттік декларацияны ресімдеу мәселесі. Палата Беларусь пен Ресей кеден органдарының әрекеттеріне назар аударуды сұрайды. Олар ЕЭК-тен декларацияларды жабатын және жаңаларын, оның ішінде қосымша қаржылық қамтамасыз етуді ресімдеуді талап етеді. Бұл талаптар ЕАЭО Кеден кодексінде көзделмеген.

Сонымен қатар, жүкті қайта тіркеуге және көлікті шамадан тыс жүктеуге рұқсат бермеу туралы мәселе көтерілді.

«ЕЭК пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер шекарада қайта тіркеу және қайта тиеу рәсімдеріне тыйым салатын Кеден кодексінің 275-бабына көз жұма қарайды. Мұнда ЕЭК ЕАЭО-да заңнаманы сақтау туралы позицияны ұстануы керек», – деді Мұрат Амрин.

 Талқылау барысында көтерілген мәселелердің бірі реттеуші және нақты әсерді бағалау механизмімен байланысты болды. Экономикалық интеграция департаментінің директоры Әлнұр Данишев қайта қаралған жобалар бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, реттеуші әсерді қайта бағалаудан өтуі үшін комиссия жұмысының регламентіне өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Атап айтқанда, ҰКП  мамандары ЕАЭО-ның қолданыстағы халықаралық келісімшарттарының кәсіпкерлік қызметке нақты әсерін бағалауды ұсынды.

Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы ЕЭК енгізген демпингке қарсы баждардың қолданылуына байланысты мәселені қозғады.

«Қазіргі кезде Ресей Федерациясында өндірілетін бірқатар құбыр өніміне қатысты батыстық санкциялар салынған. Соған байланысты қазақстандық кәсіпорындар құбырларды ҚХР мен Малайзиядан сатып алуға және кейбір жағдайларда 30%-ға жететін демпингке қарсы баж төлеуге мәжбүр. Осыған байланысты, біз ЕЭК-тен қазіргі ахуалды ескере отырып, бұрын қабылданған тосқауыл баждарын қайта қарауды сұраймыз», – деді «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов ЕЭК мүшелеріне.

Сондай-ақ, алқа отырысы барысында «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақпаева дәрілік заттарды тіркеу мәселесіне назар аударды. Дәрілік заттарды тіркеу 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Қазақстан Республикасында 6 978 медициналық бұйым тіркелген, оларды ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру қажет. Алайда 2017 жылғы мамырдан бастап ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың бірыңғай нарығының жұмыс істеуі кезінде олардың 293-і ғана сәйкес келтірілді. Сәйкестендірудің төмен қарқынын ескере отырып, қалған екі жыл барлық тіркелген дәрілік заттарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бірыңғай тізілімге толығымен ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты қауымдастық өтпелі кезеңді 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынды.

Қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов ҰКП ЕАЭО-да Қазақстан бизнесінің туындайтын проблемаларын шешу үшін өз алаңын ұсынуға дайын айтты.

«Комиссия атынан кездесуге және талқылау өткізуге бірегей мүмкіндік жасалғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Еуразиялық экономикалық комиссия жаңа құрамда бизнес өкілдерімен кездесулерге және кері байланысты қамтамасыз етуге көңіл бөлетініне сендіргім келеді. Біз бизнес-сектор экономикалық интеграцияны қамтамасыз ететін артықшылықтардың тікелей алушысы екенін білеміз және бұл процесті толығымен қолдаймыз», - деді кездесуді қорытындылай келе, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақыт Сұлтанов.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер