astana-view

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ - БАСТЫ МІНДЕТ

2024 жылғы 26 Ақпан
- Қызылорда облысы
6416 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері мемлекеттік және құзыретті органдармен бірлесіп Қармақшы ауданында жергілікті бизнес қауымдастықпен кездесу ұйымдастырды.

Делегация бірінші кезекте Қармақшы ауданы әкімімен кездесіп, онда жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және қорғау бағыттары талқыланды. Ал кәсіпкерлермен кездесуде проблемалық мәселелер анықталып, оны шешу жолдары қарастырылды.

Кездесу аясында палата директоры Пирмұхаммед Сыздық палатаның, өңірлік кеңестің, сондай-ақ құрылған салалық кеңестердің қызметінің нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

"Біз кәсіпкерлерді толғандыратын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жұмыс тобын құрып, аймағымыздың аудан орталықтарында кездесулер ұйымдастырудамыз. Сіздер өңірлік палатаның бизнесті қорғау, қолдау және мәселелеріңізді шешу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келетінін білулеріңіз керек", - деді Пірмұхаммед Сыздық.

Кездесуде кәсіпкерлер "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелеу, гранттар бөлу, субсидиялау және басқа да бірқатар мәселелерді көтеріп, тұшымды жауап ала алды. Мұндай кездесулер бизнес-қоғамдастықтың алдында тұрған проблемаларды тыңдауға, сондай-ақ кәсіпкерлерге бизнесті дамыту мәселелеріне қатысты өз ұсыныстарын айтуға мол мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер