astana-view

ҚР ҰКП қазақстандық фармацевттерге фармацевтикалық өнімдерді импорттау кезінде қосымша құн салығын төлеуден босату бойынша ықпалды механизм дайындауға көмектеседі

2014 жылғы 13 Мамыр
8188 просмотров

Жақында ҚР ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитеті Хатшылығының жұмыстық отырысы өтті, онда отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Кедендік комитетінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Жиналыстың негізгі тақырыбы фармацевтикалық өнім импортын ҚҚС-тан босату бойынша ықпалды механизмді дайындау мәселесі болды.

Қосымша құн салығын жою проблемасы ҚР Салық кодексінің 255 бабына сәйкес 2009 жылдың басында-ақ алынып тасталған болатын. Дәл сол кезде ҚР Үкіметінің «Импортты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына қол қойылған болатын. Алайда, бұл қаулыны жүзеге асыру механизмі әлі күнге дейін жасалып бітірілген жоқ.

Фармацевттер атап өткендей, кеден қызметтері жоспарлы тексерістерді жүргізе отырып, әлі күнге дейін мәлімденген кодтардың сәйкес еместігін анықтайды, осыдан соң дистрибьюторлар ҚҚС төлеу бойынша, өсімпұл мен әкімшілік айыппұлдарды қоса қарыздарды жабу туралы хабарлама алады.

«Қайшылық Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы кодтарын кедендік органдардың өзі жүзе асыратындығында болып отыр, - дейді «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Наталья Гунько, - Мұндай тәжірибе сот процестеріне, отандық дистрибьюторлардың үлкен қаржылай шығындарына әкеледі».

Жиналыста Мемлекеттік тізілімге кіргізілген фармацевтикалық өнім импортына ҚҚС төлеуден босату ұсынылды. Ол үшін Ұлттық палата жанынан жұмыс тобын құру шешілді, оған Ұлттық палата, Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің және салық комитетінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және салалық қауымдастықтардың  сарапшылары кіретін болады.

Ал мамыр айының соңын ала жұмыс тобы ҚҚС-қа қатысты заңнамалық актілерге өзгертулер мен түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға және оларды өкілетті органдардың қарастыруына жолдауға тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер