astana-view

Мамандар тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері талқылады

2024 жылғы 28 Ақпан
2376 просмотров

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары шеңберінде тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері бойынша стратегиялық сессия өтті.

 Агенттік осыған дейін «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасын жариялады, онда жұртшылықтан, стейкхолдерлерден және салалық сарапшылардан көптеген ұсыныс-пікірлер түсті.

Реформалар агенттігінде 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын талқылау жалғасып жатыр

Агенттік Төрағасы Жандоса Шаймардановтың айтуынша, бизнес-қоғамдастық алғашқы күндерден бастап осы құжатты дайындауға белсенді атсалысты.

«Бүгінгі кездесудің мақсаты – сарапшылармен диалогты жалғастыру. Біз үшін уақыт сынына жауап беретін, Мемлекет басшысының еліміздің экономикасын екі есе арттыру жөніндегі алға қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін құжатты әзірлеу өте маңызды» - деді Жандос Шаймарданов.

«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова атап өткендей, Ұлттық даму жоспары аса маңызды стратегиялық құжат болып табылады.

  «Бүгінгі жаһандық трендтер мен болып жатқан әлемдік оқиғаларды, сондай-ақ ел ішіндегі дисбаланстарды ескере отырып, бұл құжат экономиканың барлық салаларын қайта іске қосуға және даму рельстеріне қоюға арналған деп есептейміз және біз оны жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, «Атамекен» ҰКП төрағасы орынбасарының кеңесшісі Ерлан Смайылов тау-кен металлургия кешенінің экономиканы дамыту және елдің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, атап айтқанда шикізатты қайта өңдеуді, геологиялық барлау жұмыстарын, кен орындарын дамытуды ынталандыру үшін әлеуетін пайдалану туралы идеяларымен бөлісті. 

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, сондай-ақ ұсыныстар әзірленді.

Бұдан басқа, бизнес, сараптамалық қоғамдастық, қауымдастықтардың қатысуымен Ұлттық даму жоспары-2029 жобасын талқылау бойынша салалар бойынша жұмыс кездесулері жоспарланған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер