astana-view

Кәсіпкерлер көтерген мәселе басты назарда

2024 жылғы 29 Ақпан
- Түркістан облысы
3445 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуға кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандар және кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібінде алғашқы болып «Belqoitas» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру және жер қойнауын барлауға рұқсат алу кезіндегі Ордабасы ауданы әкімдігі тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы мәселесі қаралды. Аудандық  кәсіпкерлік бөлімі өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкер Жандос Амантайдың мәселесін зерделеу үшін жауапты мамандарға тапсырма берілгендігін мәлімдеді.

Кеңес отырысында Түркістан қаласындағы «Бірлік» секторының қала аумағына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салынатын салық жүктемесіне наразы шаруалардың да мәселесі талқыланды. Кәсіпкер Шукрулла Ботаев Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы қызметтік міндеттерін уақытылы орындамаудың саладарынан кәсіпкерлерге 3 жыл бойы салық төленбегені үшін жеке есепшоттары бұғатталғанын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған Орынбасар Әбдікәрімұлы кәсіпкерлердің өзекті мәселесі назардан тыс қалмайтындығына тоқталды. Тиісінше облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қордаланған түйіткілді мәселе бойынша құзырлы органдарға хат жолдап, оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер