astana-view

ҚР ҰКП және GIZ Халықаралық Серіктестік жөніндегі Германдық Қоғамы дуалды оқытуды енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырмақшы

2014 жылғы 14 Мамыр
8005 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және GIZ Халықаралық Серіктестік жөніндегі Қоғамы «Қазақстан Республикасында дуалды оқытуды енгізу» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша Жоспарға қол қойды, деп хабарлайды Palata.kz.

Жоспарға ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және Қазақстандағы GIZ Өкілдігінің Басшысы Райнер Гёртц қол қойды.

Келісім аясында халықаралық тәжірибе негізінде ҚР экономикасының қажеттілігін ескере отырып дуалды оқыту принциптерін дайындау және енгізу қарастырылады.

Үш жақты серіктестік жобасына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасының арқасында қол жеткізілді, ол Қазақстанның кәсіптік білім беру принциптерін реформалау кезінде жаңа білім беру аспаптары мен тәжірибелерін енгізу бойынша өз ұсыныстарын берді.

Бірлескен қызметтің соңғы нәтижесі бизнес-қоғамдастықтың сұрауларына және Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму қажеттіліктеріне сәйкес ел экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті және талап етілген техникалық мамандарды сапалы даярлау болады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстанның бес облысында - Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Павлодар және ОҚО – колледждерде қазақстандық шарттарға бейімделген оқу сағаттарының жалпы мөлшерінен 60% дейін тәжірибелік сабақтарды ұлғайтумен техникалық мамандықтар бойынша неміс оқу жоспарлары енгізілетін болады.

Тағы да бір жаңалық – оқу орындары, кәсіпорындар, студенттер және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен дуалды оқыту бойынша кадрлар даярлау туралы 4 жақты шарттар жасасу.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және Қазақстандағы GIZ өкілдері атап өткендей, қол қойылған бірлескен жұмыс Жоспары толық көлемде ел экономикасының ағымдағы қажеттіліктеріне жауап береді. Олар 2011-2020 жылдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының және Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер