astana-view

2014 жылғы 1 маусымнан бастап алкоголь өнімдерін сырттан әкелуге тыйым салынады

2014 жылғы 14 Мамыр
7484 просмотров

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 мамырдағы № 7 «Алкоголь өнімдерін әкелу және өткізуге тыйым туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысымен Кеден одағы және Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімдерін әкелуге тыйым орнатылды.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бұл шара тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында қолданылып отыр. Агенттіктің хабарлауынша, республикада маркалау бойынша орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін Италия, Франция, Шотландия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және т.б. елдер өндірген алкоголь өнімдерін тұтынушылық нарықта өткізудің көптеген деректері анықталған.

Тыйым салумен байланысты мәселелерді түсіндіру мақсатында, Агенттік 2014 жылғы 15 мамырда сағат 16.00-да бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша Агенттікке жүгініңіздер: +7 (7172) 79 25 97, 79 25 92, e-mail: kabi.dtr@mail.ru, не болмаса ҚР ҰКП: +7 (7172) 91 93 72, a.kyssykov@palata.kz

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 мамырдағы № 7 «Алкоголь өнімдерін әкелу және өткізуге тыйым туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер