astana-view

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкері Созақ ауданындағы кәсіпкерлердің жұмысымен танысты

2024 жылғы 06 Наурыз
- Түркістан облысы
3682 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков Созақ ауданына іс-сапармен барып, «ДАРХАН-АС» өндірістік кооперативі мен «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. 2015 жылы жұмысын бастаған «ДАРХАН-АС» өндірістік кооперативінде 14 жұмысшы еңбек етеді. Зауыт жылына 9600 тонна ас тұзын өңдіреді. «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жылына 50 мың дана темір бөшке шығарады. Зауыт 35 азамат жұмыс істейді. Ербол Асфандиярұлы кәсіп иелерімен кездесу барысында құқықтық көмек қажет болған жағдайда палата қызметкерлері қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер