astana-view

Райымбек Баталов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аруларды мерекемен құттықтады

2024 жылғы 07 Наурыз
2595 просмотров

Райымбек Баталов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аруларды мерекемен құттықтады

 

«Құрметті арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр үйдегі жылулық, береке, жүректегі қуаныш пен махаббат, көңілдегі мейірім мен мақтаныш сіздердің ақ пейіл ниеттеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасы. Арулар әрдайым шабыттың қайнары, нәзіктік пен сұлулықтың символы, мейірім кеніші.

Осынау шұғылалы мереке қарсаңында баршаңызға аман-саулық тілеймін. Жүздеріңіз бақыттан бал-бұл жайнасын. Әр бастамаларыңыз сәтті де табысты болсын!»

 

Құрметпен, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов


Еншілес ұйымдар

Серіктестер