astana-view

Еліміздің ұлттық атом компаниясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 3 млрд теңге бөлді

2024 жылғы 09 Сәуір
7077 просмотров

Дереккөз: kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде 3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл қаражат зардап шеккен аудандарға жедел қолдау көрсету үшін Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ұлттық атом компаниясы қиын сәтте елмен бірге екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы күреске «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсету үшін 120-ға жуық арнайы техника жібереді. 

Одан бөлек, компания қызметкерлері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдаған болатын. 

Айта кетейік, су тасқыны компанияның уран өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметіне әсер еткен жоқ. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары қалыпты режимде өз жұмыстарын жалғастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер