astana-view

Таза Қазақстан: «Атамекен» қызметкерлері қаланы тазалау науқанына атсалысты

2024 жылғы 13 Сәуір
- Ақтөбе облысы
4402 просмотров

Кеңсеге іргелес аумақтан басқа, Палата ұжымы Едіге батыр ескерткішінің жанындағы алаңға үш жыл қатарынан қамқорлық жасап келеді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы үшін бұл жылына екі рет сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырды. Экология үшін мұндай іс-шаралар аса маңызды және қаланың көрінісін жаұсарта түсетіні анық. Басқа адамдарға да сенбілікке шығуға мотивация болады.

Айта кету керек, осы мақсаттар үшін Өңірлік палатада жеткілікті мөлшерде арнайы сатып алынған құрал-жабдықтар бар – тырма, күрек, сыпырғыш, қаптар.

 Былтыр Палата командасы Өңірлік кеңестің мүшелерімен бірлесіп, Едіге батыр ескерткішінің жанындағы алаңға түрлі ағаштар екті. Олар осы аумаққа тұрақты негізде қамқорлық жасап жүр.

Бүгін атамекендіктер көшеттерге түгендеу жүргізді, алаң аумағын қысқы қоқыс, ағаш жапырақтарынан тазартты. Қажет болған жағдайда сенбілікке келесі шығуларда орындықтар ретке келтіріледі, өңбей қалған көшеттер орнына ағаштар егіледі.

 Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов туған өлкені абаттандыруға қатысу өте маңызды деп санайды.

«Осы қалада тұрамыз, еңбек етеміз, ұрпағымыз өсіп-өніп жатыр. Сондықтан мен барлық қала тұрғынын, кәсіпкерлерді сенбіліктерге, абаттандыруға белсенді қатысуға шақырғым келеді. Жаңа ағаштар егіп, сенбіліктерге қатыса отырып, біз Ақтөбенің ең әдемі, ең жайлы және ең жасыл қала болуына өз үлесімізді қосамыз», – деп атап өтті Палата директоры.

Айта кету керек, жазғы кезеңде атамекендіктер алаңға қарап, серуендеп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті ағаштарды суарады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер