astana-view

Өскеменде "Орталық", "Заречный" және "Заря" сауда базарлары жаңғыртылуда

2024 жылғы 15 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5907 просмотров

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылға дейін базарларды жаңғырту бойынша Жол картасы әзірленген. Көше дүңгіршектерін, контейнерлік павильондарды сауда орталықтары немесе сауда үйлері түріндегі заманауи объектілерге ауыстыру көзделіп отыр.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков және өңірдің мемлекеттік органдары басшыларының базар иелерімен кездесуі өтті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, базарларды жаңғырту мәселесі 2020 жылы көтерілген. Бірақ пандемияға байланысты жұмыстар тоқтап қалған.

- Әзірленген мемлекеттік бағдарлама, нарықтарды жаңғырту бойынша қолдау шаралары 2023 жылы ғана шықты, - деп атап өтті Қайрат Нұржанұлы. - Өзгерістер енгізу үшін кәсіпкерлер дайындалып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, қажетті сараптамалардан өтіп, жобаны келісімнен өткізу тиіс. Бұған едәуір уақыт кетеді. Бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша сауда орны иелерінің бірі бізге жүгінді, биыл жобаны іске асыру басталады.

Айта кету керек, сауда министрлігінің өкілі Өскемендегі 12 базарға барды.

ШҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Данияр Дүйсембаевтың ақпараты бойынша, облыс бойынша 34 сауда базары жұмыс істейді.

- Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілердің әмбебап нарықтардан басқа 2025 жылдың соңына дейін барлық нарықтар жаңғыртылуы тиіс деген бөлігіне өзгерістер енгізілуде, - деп қосты Данияр Дүйсембаев. – Осы түзетулердің қабылданған уақытта облыс орталығының тағы төрт базары жаңғыртуға жатады.

Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев базар иелері жаңғыртуға кіріскенін атап өтті. Мысалы, "Заря" базарында павильондардың эскизі жасалды, "Заречный" базары жабық ғимарат салуды жоспарлап отыр, қазір өтінім банкте қаралуда. "Орталық" базардың инженерлік желілерінде мәселе туындап тұрғанымен, эскизі дайын.

- Кәсіпкерлердің басты мәселесі - несиелеу, - деп атап өтті Гасан Тұрғанбаев. - Бірақ әрбір басшы жаңғыртудың маңыздылығын түсінеді.

Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, базарлардың иелері құр қарап отырған жоқ, олар бәрін түсінеді, жаңғыртуға деген ұмтылыс бар, ілгерілеу бар. Сондықтан мұнда бірлескен жұмыс қажет, оларға көмектесу керек. Өйткені модернизация көп қаражатты қажет етеді.

Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, министрлік жаңғырту бағдарламасына қатысушыларды қолдау шараларын әзірлеп жатыр Әсіресе пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдеме беру шаралары қарастырылуда.

Ол сондай-ақ базарларда заң нормаларына сәйкес келетін негізгі құрылымдар бар екенін атап өтті. Дегенмен, алып тастау қажет көптеген контейнерлер бар. Негізінде, бұл жұмысты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізуге болады. Бұл жаңғыртудың бастамасы.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекеттік ведомстволардың басқа да өкілдері көмек пен жәрдем беруге уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер