astana-view

ШҚО кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды

2024 жылғы 23 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4479 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қатысуымен жиналыс өтті. Мамандар қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға және отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілетуге бағытталған бизнесті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат берді.

«Қазір мемлекеттік қолдау индустриялық дамуға емес, өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындарға жәрдемдесуге бағытталған», - деді «Qazindustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Ясин Сайлауқызы.

Оның айтуынша, шығындарды өтеу екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт – еңбек өнімділігін арттыру. Ынталандырудың 4 түрі көзделген: қызметкердің біліктілігін арттыру, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, технологиялық процестерді жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу. Екінші бағыт бойынша – отандық тауар, жұмыс, қызметті ілгерілету-сәйкестікті растау кезінде (сертификаттау, бағалау) жұмсалған шығындар бойынша; сәйкестендіру құралдарын салу үшін жабдықтарды сатып алуға байланысты өтінім беруге болады.

«Өтінімдерді онлайн тапсыруға болады. Ынталандыру түріне байланысты шығындарды өтеу мөлшері 40-50 пайызды құрайды, - деп нақтылады Ясин Сайлауқызы. - Тарихи кезең, негізінен 24 ай».

Сондай-ақ, сарапшы Шығыс Қазақстан облысынан өтінім саны аз екенін айтты.

Алайда кездесуге қатысушылар арасында осы қолдау шарасын қолданған бизнес өкілдері болды.

Сонымен қатар, көптеген кәсіпкер өзінің қарымта міндеттемелерң мәселесі толғандыратынын атап өтті.

«Бізге екі жыл ішінде мемлекет салған сомадан табыс көлемін кемінде екі есе ұлғайту қажет, - деп нақтылады бизнесмендер. – Егер растамасақ, қаражатты қайтаруға тура келеді».

Ясин Сайлауқызы түсіндіргендей, қайтару толық ұлғайтуға дейін жетпеген бөлігінде ғана болады және Қазақстан бойынша талдау көрсеткендей, барлық кәсіпорын бұл міндеттемелерді сәтті орындайды.

Айта кетейік, кездесуге қатысушылар ШҚО Кәсіпкерлер палатасы қарымта міндеттемелерге қатысты қағидаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға бастамашы болады деп шешті.

Барлық сұрақтар бойынша бизнесмендер Qazindustry-ге әлеуметтік желілер, байланыс орталығы арқылы хабарласа алады, кеңесшілер сұрақтарға жауап береді.

Байланыс нөмірлері:

+7 (7172) 793390, 793391, 793392,793393 (ішкі +444)

Телеграм-чат:

https://t.me/joinchat/S_S-XdqzVPKwhhLo

WhatsApp-чат:

https://chat.whatsapp.com/LspCClYDKwU7qTVkhRKyEJ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер