Елдегі шағын мұнай өңдеу зауыттарына мемлекеттік қолдау керек
«Атамекен» ҰКП алаңында қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарының қызметі мәселелеріне қатысты жиын өтті. Онда Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттары жұмысының келешегі мен проблемалары қаралды
Іс-шараға ҰКП және мұнай өңдеіэу зауыттарының өкілдері қатысты.
Жиында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов мұнай өңдеу саласы отандық өнеркәсіптің негізгі салаларының бір екенін атап өтті. Өңдеу өнеркәсіптің түрлі секторын шикізатпен қамтып, ұлттық экономика дамуына ықпал етеді, Қазақстанның экономикалық дамуына маңызды рөл атқарады.
Райымбек Баталов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауында металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы сияқты бағыттарда жоғары қайта бөлу кластерлерін құру туралы атап өткенін еске салды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында МӨЗ-ға қойылатын талаптарды күшейту, сұранысқа ие мұнай өнімдерін өндіруді жалпы өнім өндірісінің кемінде 45% көлемінде жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар көзделген.
Шағын мұнай өңдеу зауыттарына осы міндеттемелерді енгізу олардың қаржылық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Зауытты жаңғырту орасан зор қаржылық шығындарды талап етеді, - деп атап өтті "Атамекен” ҰКП басшысы.
Бұл ретте бүгінде шағын мұнай өңдеу жаңғырту үшін қаржылай және жүйелі қолдау жоқ.
«Менің тапсырмама сәйкес Мұнай-газ секторы және экология департаменті Қазақстан Республикасында шағын мұнай өңдеу зауттарын дамытуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша «Атамекен» ҰКП Төралқасын мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды», - деді Райымбек Баталов.
Маңғыстау облысының кәсіпкері Бауыржан Жәнібеков кәсіпкер ретінде шағын зауыттарды жаңғыртуға дайын екенін, бірақ мемлекеттік қолдаусыз мұны жүзеге асыру өте қиын екенін айтты.
Талқылау барысында жиынға қатысушылар ҰКП базасында нақты стратегиялық міндеттері бар қауымдастық немесе жобалық кеңсе құрудың орындылығы туралы пікір білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: