astana-view

Кәсіпкерлер жылумен қамту мәселелерін талқылады

2024 жылғы 30 Сәуір
- Қарағанды облысы
5800 просмотров

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында құрылыс, ТКШ және энергетика салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе Қарағанды қаласының жылу желілерін талқылау болды.

Мамандардың айтуынша, бүкіл жүйенің 70 пайызға жуығы тозған. Қаланың жабық жылу беру жүйесіне көшуінің артықшылықтары туралы «Эргономика»   ЖШС директоры Сергей Полещук баяндама жасады.

«Жаңа жылу желілерін салу бюджетке үш есе қымбатқа түседі. Бізде 1978 жығы желілер бар, 70 пайыз тозған. Жабық жылу жүйесіне көшу қажет. Астана, Алматы және Павлодар қалалары сияқты. Ыстық су тұтынушыларға жүйеден берілмеген кезде, жылу желілерінің өзі айтарлықтай ұзаққа созылады. Сонымен қатар, айналым жақсарады, электр энергиясының шығыны азаяды. Егер біз бұл жүйені Астанадағыдай іске асыратын болсақ. Қазір Қарағандыда су ашық әдіспен ағады», - деп атап өтті «Эргономика» компаниясының директоры Сергей Полищук.

«Теплотранзит Қарағанды» мамандары қаланы жылумен қамтамасыз ету бойынша ең үлкен жүктеме ЖЭО-3-те екенін айтты. Бұл ретте, Қарағандыда ЖЭО-1-де тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың жалпы санының тек 10 пайызы ғана қарайды. Қарағанды шағын аудандары шашыраңқы орналасқан. Сондықтан ЖЭО-3-тен ең шалғай соңғы нүктеге дейін желілердің ұзындығы шамамен 50 шақырымды құрайды. Бұл жайт қаржы мен жылудың  шығынына әкеледі. Компанияның жылына шығын бөлігі жылына 8 млрд теңгені құрайды.

«Біз бірінші кезекте мәслихат шешімін қабылдауымыз керек. Депутаттар жабық жүйеге көшуді мақұлдауы керек. «Теплотранзит» объектілерді тек жабық жүйеге қосуға рұқсат беруі үшін. Содан кейін қаржылай бөлімді қарастыру керек. Бұл шара бюджет есебінен болуы міндетті емес, оны арзан несие есебінен алуға болады. Сонымен қатар, электр энергиясын үнемдеу жылына миллиард теңгеден асады. 1000-ға жуық гигакалория электр энергиясы шығарылады, оны 3,5 -5 миллиард теңге сатуға болады», - деп атап өтті кәсіпкер Николай Абт.

 Отырыста жабық жылу жүйесі және жылу алмастырғыштардың құрылысы туралы мәселені облыс басшылығы деңгейінде талқылауға шығару ұсынылды.

Кәсіпкерлер мен комитет мүшелерінің алдында «Тазарту құрылғылары зауыты» ЖШС өкілі коммерциялық директор Айнұр Қасымқанова таныстырылым жасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер