Қазақстандық компанияларға 2023 жылғы ТМД премиялары берілді
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 101-ші отырысында (Мәскеу қ., РФ) 2023 жылғы өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы премиясының жеңімпаздары аталды.
Қазақстан Республикасынан Лауреат атағын алғандар:
- «Maker (мейкер)» ЖШС;
- «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС.
Дипломант атағын алғандар:
- «Dolce» ЖШС;
- «Столичная Стеклопакетная Компания» ЖШС.
Жалпы, конкурстан Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан 22 ұйым финалистері атанды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: