«Кедендік тексеру – салық өндірудің құралы». ҰКП мамандары кәсіпкерлердің шағымдарына жауап берді
Кәсіпкерлік субъектілері Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш жасап, оның қорытындысы бойынша кеден жұмысына қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Соның ішінде тексеру жүргізу мерзімдерін қысқарту, тексерудіңтиімділік өлшемшарттарын қайта қарау, сондай-ақ консультациялар үшін «Атамекен»өкілдерін тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі жиындарға қатысушылар тізіміне енгізу.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдері кедендік шекара арқылы тауар мен көлік құралдарын кедендік тексеру тәртібі мен жүргізу проблемаларын бірнеше рет көтеріп келді. Сараптамапроцесі, көліктің жолда тұрып қалуы, тауарлардың кедендік құнын көтеру, заңнамалық нормаларды сақтамау – сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың негізгі мәселелер.
Кеденде жүкті тексеру және сараптама жүргізу сияқты ұзаққ асозылатын іс-шаралар кәсіпкерлер үшін қосымша артық қаржылай шығынға айналды. Бітпейтін тексерулер, ол тексеру нәтижесінде айқын бұзукшылықтар анықталмайды. Сол уақыт аралығында кәсіпкер тауарын уақытша қоймаларда сақтауға мәжбүр болдаы. Кәсіпкер уақытша қойма құнын төлейді, уақытын жоғалтады. Осылайша келісімшарт мерзімдері бұзылады, көлік құралы кеденде тұрып қалады. Жиында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қайталанатын тексерулердің заңдылығы мен себебіне қатысты сұраққа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті де, басқа уәкілетті орган өкілдері де жауап бере алмады.
Бұзушылық үшін өндіріп алудың орташа сомасы 50 мыңнан аспайды. Мұндай фактілер сирек кездеседі. Тауарды өлшеуге қатысты жекелеген фактілер тіптен қисынсыз. Мысалы, көлік шиналарын не үшін қайцта өлшеу керек? Мұндай тауар түрі даналап саналады», – дейді бизнесмендер.
Сонымен қатар, кедендік тексеру – салық өндіру құралы ретінде қолданып жатыр. Кәсіпкерлер МКК бас диспетчерлік басқармасының Ахуалдық орталығының лауазымды тұлғалары оларға қысым жасайтынын жеткізді. Олар кәсіпкерлерден тауардың кедендік құнын «сеткадағы» деңгейге көтеруді заңсыз талап етеді. Бұл «сетка» баға ақпаратының іс жүзінде бейресми прейскуранты. Бұл шара кәсіпкерлер бюджетке төлейтін кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшерін едәуір өсіреді. Ал кәсіпкерлер осы талаптардан бас тартса, оның тауарына қатысты ұзақ тексеру жүргізіле бастайды, ккәсіпкердің көліші кеденде тұрып қалады. Жүк қайта түсіріліп, еркін айналымға шығарылғаннан кейін де тауар бөлшек-бөлшек өлшенеді, тауар даналап саналады. Уақы кетеді.
ҰКП мамандары мен кәсіпкерлердің пікірінше, салықты осылайша «өндіріп алу» практикасы заңсыз. Кедендік тексеру және сараптама кеден заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылуы тиіс.
Заңнамалық нормаларды сақтамау жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады. Инспекторлар кез-келген бұзушылықты табуға міндеттеген жағдайлар бар. Кәсіпкерлер шағымдарының ішінде декларанттарға берілген декларацияға қоса берілген құжаттар топтамасын ұсыну міндеттемесімен тауарларды шығару мерзімдерін он тәулікке дейін негізсіз ұзарту да бар.
Бұдан басқа зауыттан шыққан жабдықты тексергенкездегі проблемалар аталды. Кеденшілер жабдық салмағының зауыттан шыққан болмашы сәйкессіздігін ескермейді. Құжат пен нақты салмақ арасындағы айырмашылық үшін айыппрұл салынады. Көлік құралдарын тексерген кезде рұқсат етілген тереңдік белгіленбеген. Осыған байланысты әр инспектор шекті өз қалауы бойынша анықтайды. Бұл ретте, бизнес субъектілері атап өткендей, ұзақ уақыт бойы бір компаниялардың бірдей тауары тексеріледі. Бұзушылықтар анықталмайды. Демек, тәуекел бейіндерін өзектендіру бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.
Кәсіпкерлердің уәжін талдау декларанттар мен тасымалдаушылар арасында наразылықтың өсу тенденциясын, сондай-ақ олардың жалпы МКК жауаптарына қанағаттану деңгейінің төмендігін көрсетеді. Бизнес субъектілері көтерген мәселелерді ескере отырып, «Атамекен» ҰКП мамандары мемлекеттік кірістер комитетіне мынадай тәсілдерді енгізуді ұсынды:
1) тыйым салынған жүктерді анықтауға бағытталған кедендік бақылаудың кейінгі шарасы ретінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуді белгілеу;
2) тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (ТБЖ) сәйкес ғана тексеруді тағайындау;
3) тексеру тиімділігінің өлшемшарттарын қайта қарау (100 мың теңгеден бастап);
4) қайда және МКК жазбаша өкімдері мен нұсқаулары негізінде тексерулер жүргізуге тыйым салуды енгізу;
5) нәтижесіз тексерулерге талдау жүргізу және ТБЖ тәуекелдерін қайта бейіндеу;
6) даналап саналатын тауарды өлшеуді алып тастауғ
7) тауарлардың салмағындағы зауыттық қателіктер мен ауытқуларды ескеру;
8) тексеру жүргізу мерзімдерін барынша азайту, оларды заңнамаға сәйкес ұзартуды нақты негіздеу;
9) тексеру жүргізу мерзімдерінен асып кетуге тыйым салу не қатаң бақыланатын регламент енгізу;
10) егер бұрын жүргізілген тексерулер нәтижесіз компанияға қатысты тексеруді жүргізуді автоматты түрде болдырмау;
11) тексеру жүргізудің саны, тиімділігі мен мерзімдері бағалануы тиіс кеден органдарының жұмысын бағалаудың рейтингтік жүйесін белгілеу.
12) ҰКП ұсынған ескертулерді ескеріп өзгерістерді мына НҚА-ларға енгізу:
- ҚР ҚМ «Кедендік қарап тексеру және қарап тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығы;
- ҚР ҚМ «Мемлекеттік кіріс органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы;
13) Консультация алу үшін ТБЖ жөніндегі жұмыс топтың отырысына ҰКП өкілдерін шақыру.
ҰКП мамандары Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың тең құқылы серіктестері ретінде кәсіпкерлерге көмек көрсету туралы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде осы өзгерістерді ұсынады (ҰКП-ның өтініші МКК-не жолданды. Шығыс хаты № 05421/15 24.04.2024).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: