astana-view

Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр

2024 жылғы 31 Мамыр
2673 просмотров

«Жайлы мектеп» нысандарының құрылысы жөніндегі дирекциясы - «Samruk Kazyna Construction» АҚ болып үкімет қаулысымен қабылданған болатын. Бекітілген жобаның жоспарына сәйкес, ең көп мектеп орын тапшылығы өткір мәселеге айналған аумақтарда, соның ішінде, Алматы облысында 54 600 оқу орын санын құрайтын 53 мектептің салынуы 2025 жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр. Қазіргі кезде 26 жайлы мектеп құрылысы нысаналы жұмыстарын бастап кеткен.

«Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдармен, салалық қауымдастықтармен және сарапшылармен тығыз байланыста. «Атамекен» - құрылыс салушыларға сенімді серіктестер табуға көмектесіп, жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетуде. Біздің басты мақсатымыз - балалардың болашағы үшін аты затына сай мектептер салуға мықты отандық компанияларды тарту», - деді кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Бекеев.
 
Айта кетейік, «Атамекен» Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «жайлы мектептердің» салынуына отандық тауар өндіруші компанияларды тарту үшін жиһаз шығаратын кәсіпорындар, құрылыс материалдары мен құрылысқа керекті жабдықтар өндіруші кәсіпорын басшыларымен жиындар ұйымдастырып, CT-KZ сертификаты немесе индустриалды сертификаты бар кәсіпорындарды арнайы тізімге қосты. Тізім бойынша, қажетті отандық өндірістік тауарлар мен еңбек ресурстары бар кәсіпорындар «жайлы мектеп» құрылысының жобасын іске асыруда мол мүмкіндікке ие.
 
Тимур Бекеев «Жайлы мектеп» жоба аясында Қарасай ауданында отандық тауар өндірушілердің көмегімен салынып жатқан мектептерді өз көзімен көріп, мәселенің мән-жайын біліп қайтты. Аудандағы Көкөзек, Алмалыбек ауылдарында - 1500, Қошмамбет ауылында -1200 орын санын қамтитын мектеп құрылыстарында, отандық өндірушілердің құрылыс жабдықтары қолданылуда.
Сондай-ақ, облысымыздағы ЖШС «Алатау Прогресс», ЖШС «ZETA PLAST», ЖК Хамраев және басқа да еліміздің жиһаз өндірушілері де «Жайлы мектеп» жобасына қызығушылақтарын білдіріп, өткен жылдан бері «Samruk Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Бұл ретте, «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның тәжірибесі мен құзыреті кәсіпорындардың ғылыми және өндірістік әлеуетін біріктіруге тиімді мүмкіндік береді.
 
«Алайда, мектеп нысандарының уақытылы іске қосылмауының негізгі мәселесі - 47 жайлы мектеп жобасының жобалық-сметалық құжаттамасының жоқтығы болып табылады. Бүгінгі күні 24 нысан бойынша оң сараптамалық қорытындылар алынып, мердігерлер анықталып, желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Осы тұста, жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлінді», - дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.
 
«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған мектептер орналасқан жеріне қарамастан барлық оқушылар үшін жоғарғы стандарт пен барлығына бірдей жабдықталады. Өздеріңізге белгілі, құрылысқа қажетті технологиялық жабдықтар кемінде үш жыл кепілдік мерзімімен тікелей өндірушілерден сатып алынады. Сонымен қатар, мектептер озық STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залдармен, демалыс және нетворкинг аймақтарымен жабдықталады. Әр сыныпта интерактивті тақта мен заманауи компьютерлер орнатылатын болады.
 
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға ниет білдіретін жергілікті кәсіпкерлерге ақпараттық демеу көрсетіліп, мердігерлердің мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер