astana-view

Жаңа бизнес омбудсмен Алматы кәсіпкерлерінің проблемларын зерттеуде

2024 жылғы 03 Маусым
- Алматы қаласы
5983 просмотров

Қанат Нұров Алматы ӨКП басшысы мен кәсіпкерлермен Палата алаңында кездесті.

Кездесуге сондай-ақ мәслихат депутаттары, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің өкілдері шақырылды.

Басқосуда сөз бастаған Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов Алматы – кәсіпкерлер қаласы, шағын және микробизнес пен жекелеген салалардың бесігі екенін атап өтті. Тиісінше, мұнда басқа аймақтарда туындамайтын мәселелер шоғырланған. Мысалы, жер қатынастары, өндірістік алаңдардың жетіспеушілігі, туристік бизнесті ынталандыру және субсидиялау және т.б. мегаполис үшін ерекше екені сөзсіз. 

«Біз ғылым мен ІТ саласын дамыту үшін барлық жағдай жасап, Алматы бизнесін, оның ішінде бизнес-омбудсменмен тығыз және жүйелі өзара іс-қимыл жасау арқылы қорғау үшін қолда бар барлық құралдар мен ықпал ету тетіктерін қолданатын боламыз. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - нақты кейстер мен кәсіпкерлердің ауыртпалықтары арқылы Уәкілдің назарын жүйелі мәселелерге аудару және тиімді  шешім іздеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу», - деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Кәсіпкерлер сұрақтарын Қанат Нұровқа тікелей қоюға мүмкіндік алды. Мысалы, «Skyway LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігнің директоры Әсем Қозбағарова бір жыл бойы шетелдік туристерге қызмет көрсетуге субсидия ала алмай жүргенін тілге тиек етті. Бейінді министрліктің талабы бойынша компания тартатын туристер eQonak электрондық жүйесінде тіркелуі тиіс. Дегенімен, қонақтар жайғасатын мейманханалардың барлығы бірдей бұл талапты бірдей орындай бермейді. Тіпті, елемейтіндер де бар, себебі, артық жұмыс жасаудан бас тартады, кей біреулері жай ұмытып кетеді. Соның салдарынан топпен келген туристердің ішінен тым болмаса біреуінің тіркеуі болмаса, бүкіл топқа берілген өтінім қабылданбайды.

«Министрліктегілердің айтуынша, eQonaq жүйесіндегі тіркеулерді жинақтап беріңдер. Бұл ақылға сыймайтын нәрсе. Маусым кезінде,мыңдаған туристер келіп жатқанда, қонақ үйлердегі тіркеулерді тізіп жинақтау мүмкін емес. Егер біз ол субсидияларды ала алмасақ, саланы қолдауды әнгіме етіп не керегі бар?», дейді  Қозбағарова .

«Zhetysu Koy»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік кедергілерді еңсеруі бірнеше жылға созылды. Германиядан келген инвестор жобаны 100% қаржыландыруға дайын болатын.

«2017 жылдың соңында бізге Алматы облысының Іле ауданындағы «Береке» индустриялық аймағында қой етін терең өңдеу кәсіпорнын салу үшін жер бөлінді. Біз жобаны әзірледік, геодезия жасадық. Үлкен ақша жұмсалды. Алайда, біраз уақыттан кейін облыс әкімі бұл аймаққа инфрақұрылымды жеткізу қиынға соғатынын айтып, бізге Байсерке кентінің маңында басқа учаске бөлді. Бұл жолы біз жұмысты инфрақұрылымнан бастадық: электр қуатын, газ тарттық, сумен қамтудың жобалық құжаттарын жасадық. Енді, екі жылдан астам уақыт өткен соң, бізге бұл учаске Алатау қаласының аумағына кіретін болды, бұл жерге университет кампустарын салу жоспарланғанын және бізге қаладан 140 шақырым жерде тағы бір учаске ұсынылғанын хабарлады. Мәселе мынада: жер бізге меншікке берілмеді, шығындар бойынша өтемақы төленбеді, кәсіпорын салуға мүмкіндік берілмеді. .Ал біз жаңа кәсіпорын салғымыз келеді», - деп» «Zhetysu Koy» ЖШС өкілі Олег Плотников мұңын бөлісті.

Кездесудің тағы бір қатысушысы да жер қақтығысына тап болды. Тек бұл жағдайда құрылысқа арналған жер телімі  нарықтық құны бойынша сатылып алынған-тын. Бірақ одан мүлдем айрылып қалу қаупі туындап отыр.

 «Біз Алматыда 12 жылдан астам жұмыс істеп келеміз. Қазір бізде құрылыстағы инвестициялық жобалар бойынша көптеген процестер бар. Өткен жылы біз жер телімін сатып алған едік. Аз уақыттан соң қаланың егжей-тегжейлі орналасу жоспары өзгерді, сәйкесінше біз жерді қолдану мақсатын өзгертуге мәжбүрміз. Бірақ біз келісім ала алмай жүрміз. Бізде мемлекеттік органдарға, сәулет, прокуратура, жер қатынастарын басқару департаментіне жолдаған 30-ға жуық өтінішіміз бар. Жер қатынастарын басқару департаменті бір жыл ішінде біз бұл учаскені мақсатына сай пайдалануымыз керек деген бұйрық шығарды. 1-ші маусымнан бастап олар жерді сот арқылы тәркілеуге құқылы. Бұл бір шегі жоқ шеңбер болды. Жерді нарықтық құны бойынша сатып алып, енді оны мемлекет пайдасына беріп, айырылып қалуымыз мүмкін», - деп кәсіпкер  өз проблемасын мазмұндап берді.

Бұл бизнес-омбудсменмен кездесу барысында айтылған мәселелердің үш-ақ кейсі ғана. Олардың барлығы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде кедергілер туындаған проблемалық жағдайларды шешуде уәкілден көмек сұрап жүгінді. Жиын барысында сөз алған мәслихат депутаты Алмат Ахметов елімізде сот төрелігі толығымен мемлекеттік екендігін атап өтті. Негізінен ол дербес болуы керек.

«Бізде әділеттілік, өкінішке орай, тәуелсіз емес. Сот жүйсенгілердің ойлау парадигмасының өзі мемлекеттік. Олар мемлекеттіліктің объективі арқылы ойлайды. Бұл нонсенс. Сот жүйесінің өкілдері кәсіпкерлермен кездесулерге сирек тартылады. Бұл жағдай дамуды талап етеді, сот билігінің тәуелсіздігіне қол жеткізу керек», - деп санайды халық қалаулысы.

Кәсіпкерлер мәселелерінің шешімі табылады деген үмітте.  Себебі, Қанат Нұровтың ірі отандық және халықаралық компаниялардың басшылық лауазымдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанын және отандық бизнес-қоғамдастықтың да, халықаралық қауымдастықтың да үлкен беделіне ие екенін ерекше атап өткен жөн. Бизнес-омбудсмен барлық айтылған кейстерді бақылауына  алды.

«Кездесу көңілімнен толық шықты, әсіресе кәсіпкерлердің қатысуы өте құнды болды. Аймақтық мәселелерді республикалық жүйелік деңгейде шешу керек деген үндеуім жауап тапқанына қуаныштымын. Мен қандай шара қолдану керектігі туралы ойымды байыттым, әрине, бұл ең алдымен әкімшілік озбырлық мәселесі. Егер сот жүйесі жұмыс істемесе, заңнаманы бұзғаны үшін жеке жауапкершілік болмаса, әрине өтініш саны көп болады. Біз осы жауапкершілікті енгізсек, тәжірибе өзгеруі мүмкін. Лауазымды тұлғаларды көрінеу заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін әкімшілік, сондай-ақ материалдық, азаматтық-құқықтық саладағы жауаптылыққа тарту керек. Мен өз ұсыныстарымды практиктер арқылы, кәсіпкерлер арқылы растағаныма қуаныштымын», - деп түйіндеді Қанат Нұров

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер