astana-view

ШҚО бас мердігерлері Е-Qurylys жүйесінде жұмыс істеуге үйренді

2024 жылғы 11 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
4426 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша нысандар тұрғызып жатқан құрылыс саласының өкілдеріне арналған семинар өтті.

Samruk-Kazyna Construction өкілдерінің айтуынша, барлық жайлы мектептерді жобалау, салу және жарақтандыру бойынша барлық құжаттама электрондық форматта жүргізілетін болады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға өз септігін тигізеді.

«Мердігер ұйым авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін тексеру және қол қою үшін барлық қажетті құжаттар мен есептерді ақпараттық жүйеге жүктеуі керек. Барлық әрекеттер цифрландырылғандықтан, жобадан ауытқуға, сондай-ақ орындалмаған жұмысты қабылдауға жол берілмейді. Барлық актілер автоматты түрде толтырылған жұмыс жүргізу журналдарының, жасырын жұмыс актілерінің, фотоматериалдардың және жүйеде тіркелген басқа да құжаттардың негізінде қалыптастырылады» - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кету керек, жүйеде құрылыс кестелері көрсетіледі, фото және бейнетіркеу, онлайн-трансляция қарастырылған. Кіріс бақылау журналының көмегімен объектіні салу кезінде отандық өндіріс материалдарының қолданылуын бақылау мүмкіндігі пайда болады, сондықтан жобадан ауытқуға, орындалмаған жұмыстарды қабылдауға жол берілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда құрылыстағы барлық процестердің ашықтығын арттыру және құрылыс сапасын бақылауды жақсарту үшін Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер