astana-view

ШҚО кәсіпкерлері демалыс базаларында орман жолақтарын орналастыруда қиындықтарға тап болды

2024 жылғы 25 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
5492 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту жөніндегі кеңестің отырысында кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерінің кейбір тармақтарын сақтау жергілікті жердің күрделі рельефіне байланысты мүмкін емес екенін атап өтті.

«Жартастар, таулар, орман, бір-біріне жақын орналасқан үйлер жетуге жолы  қиын жерлер болып саналады. Орман алқаптарының айналасында минералданған жолақтар жасау үшін арнайы техника – тракторлар жерді жыртып, өртке табиғи тосқауыл жолақтарын қояды. Бұқтырма су қоймасында ереженің осы тармағын орындау әрдайым мүмкін емес», — деді «Вояж-Алтай Қазақстан» туристік агенттігінің директоры Ирина Клиновицкая.  

ШҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Болат Тоқтарғалиев айтқандай, жолақтар орман алқаптарына өрттің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

«Кәсіпкерлер бұл мәселені жекелей тәртіппен шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға, ТЖ департаментіне жүгіне алады, атап айтқанда әрбір демалыс базасының мысалында минералдандырылған жолақты орналастыру мүмкіндігін қарастыру қажет», - деп атап өтті Болат Мапенұлы.

Сондай-ақ отырыста демалыс базасының барлық аумағында өртке қарсы қалқандарды орналастыру қауіпсіздігі мәселесі көтерілді.

«Әкімшілік корпустың жанында арнайы қалқанның орналасуы міндетті шарт, алайда аумақтың басқа жерлерінде орналасуы қауіпсіз деп айтуға келмейді. Өрт сөндіргіш құралдарын ұрлап алу фактілері, мас күйінде демалушылардың балта алған жағдайлары орын алды. Қауіпсіздік мәселесі туындаған кезде қосымша қалқандарды орнату қаншалықты қажет» - деп нақтылады демалыс базаларының иелері.

Сарапшылар аумақта қалқандарды орналастыру міндетті шарт екенін түсіндірді, бірақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын, тыйым салынған жерде темекі шегетін демалушыларға әкімшілік шараларды қолдану керектігін, полиция қызметкерлерін шақыруға болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге судағы қауіпсіздік туралы айтылды.

«Әр базада құтқару мұнаралары болуы керек. Мамандарды оқыту, суқойма түбін тексеру, алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Судағы құтқару» қоғамына жүгінуге болады», - деді ШҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.

Айта кетейік, жиында демалыс үйлері мен базаларында санитарлық- эпидемиологиялық нормалардың сақталуына да назар аударылды. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин егер халыққа қызмет көрсетіліп, үйлер жалға берілсе, онда бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарлау қажет. Сондай ақ ол тексерулер шағымдар түскен кезде ғана жүргізілетін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер