astana-view

Мектеп пен балабақшалардың мәселесі басты назарда

2024 жылғы 27 Маусым
- Түркістан облысы
5460 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында балалардың мектепке дейінгі және балабақшаларда болу уақытын қалпына келтіру мәселесі талқыланды. Білім беру және медицинаны дамыту комитетінің отырысында сондай-ақ жекеменшік мектептер мен балабақшалар орналасқан жер учаскелерінің нысаналық мақсатын заңға сәйкестендіру проблемасы қаралды. Комитет төрағасы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі төрағасының м.а. Сәкен Ханділлаев басқосудағы талқылаулар нәтижесінде мониторинг қорытындысы бойынша үнемделген қаражат және балалардың балабақшаларда болу уақытын 9-дан 10,5-ке дейін ұзартуға қаржы бөлу бойынша сұрау салып, мәлімет алдыру тапсырмасын жүктеді. Ал, учаскені бизнес үшін пайдаланатын кәсіпкерлер жер комитетіне жердің нысаналы мақсатын өзгертіп, коммерциялық бағытқа өзгертуге міндеттелді. Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен балабақшалар бойынша жер қатынастары бөлімінің жергілікті жерде кедергісіз қолдау көрсету қажеттігі туралы айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер