astana-view

Павлодарлық «Атамекен» Палатасы мен прокуратура екі компанияның жарық пен жылуға қосылуына араласты

2024 жылғы 05 Шілде
- Павлодар облысы
8524 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасында Павлодар қаласының прокуроры Асан Нұрбаевтың қатысуымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис отырысы өтті. Кездесуді Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасының директоры Ерқанат Әбенов өткізді.

Ерқанат Әбеновтің айтуынша, "Атамекен" ӨКП-ға бизнестен  екі сұрақ келіп түсті олар,"TROYA" компаниясы ЖШС электр энергиясы желілеріне қосылуға және "Феникс"жиһаз фабрикасы ЖШС жылуға қосылу үшін техникалық шарттар ұсынуға қатысты.

Екі жоба да аймақ үшін маңызды және ұлттық инвестициялық пулға енгізілген.  Оларды іске асыру бірнеше ондаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына және мемлекеттік бюджетке аударымдардың айтарлықтай өсуіне алып келеді. Сондықтан билік пен қадағалау органы осындай өндірісті пайдалануға беру жөніндегі барлық жоспарларды іске асыруды бақылауда ұстайды.

Мысалы, "TROYA" компаниясы ЖШС инвесторлардың жалпыұлттық пулында тұрады және 2013 жылдан бастап толық циклді кеңсе және мектеп жиһаздарын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. Жобаның құны-2,5 миллиард теңге. 30 жұмыс орны құрылуда. Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органдар сегіз айдан астам уақыт бойы кәсіпорынды электр желілеріне қоса алмайды, бұл жобаны іске асыру мерзімін кешіктіреді. Павлодар қаласының құрылыс бөлімі осы электр беру желілерін пайдалануға беріп, техникалық паспорт әзірледі. Пайдаланушы ұйымды сенімгерлік басқаруға беру үшін ЭБЖ құрылыс бөлімімен Павлодар қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне беріледі.

Алайда, мемлекеттік активтер бөлімі бұл мүлікті қаланың коммуналдық меншігіне қабылдамайды. Инвестор бірнеше рет қала әкімдігіне жүгінді, бірақ мәселені шешу кешіктірілуде.

Кездесуде екі Проблемалық мәселе де жан- жақты талданып, жауапты тұлғалар тапсырма алды. "Атамекен" ӨКП екі мәселенің де шешімін бақылауда ұстайтын болады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасының жанынан жұмыс істейді, өңір аумағында инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер