astana-view

Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік жәрмеңке-көрмесі өтеді

2024 жылғы 15 Шілде
- Түркістан облысы
721 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарлама аясындағы кезекті жиын өтті. Басқосуға Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері және палатаның аудандық филиал директорлары мен менеджерлері қатысты.

Кездесу барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары  Ербол Әуелбеков «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыру тәртібін, шарттары мен талаптарын түсіндірді.

«Басты талап өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 40-қа жуық өтініш түскен. Көрме тамыз айының басында өтеді деп жоспарланып отыр», - деді Ербол Асфандиярұлы.

Еске сала кетейік,  былтыр облыстағы  ең үздік үш өнім қатарын былғарыдан жасалған бұйымдарын ұсынған арыстық Алмакүл Есенкұлова, қатырылған жеміс-жидек пастилаларының пайдасын айтқан төлебилік Феруза Басуова, ұлттық өнімдерді насихаттап жүрген түркістандық Әйгерім Номанова лайықты деп танылған болатын.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасына қатысу үшін қойылатын талаптар:

- өнім (тауар) жергілікті шикізаттан өндірілуі тиіс;

- өнімді (тауарды) дайындау кезінде елеулі қаржылық шығындарды талап етпейтін күрделі емес, қарапайым құралдар мен тетіктер пайдаланылуға тиіс;

- өнім (тауар) мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі және қамтуы тиіс және сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер