astana-view

Павлодар облысында "Атамекен" Палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы ауысты

2024 жылғы 02 Тамыз
- Павлодар облысы
5450 просмотров

Павлодар облысының ӨКП жанындағы бұл құрылымды Токжан Музапаров басқарды.

Жаңа төрағаның кандидатурасын кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мүшелерінің бастамашыл тобы ұсынысты айтып, өз отырысында оған бірауыздан дауыс берді.

 Кеңес мүшелері бұл лауазымды бірнеше жыл бойы атқарған Қобланбек Қожинге адал еңбегі үшін алғыс айтты. Жаңа төраға кеңес мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін күш-жігерін жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.

Тоқжан Шаматұлы Мұзапаров Павлодар индустриалды институтын бітірген. Ол тас қалаушы, электр монтаждаушы жұмысынан бастап түрлі жеке кәсіпорындардағы басшылық лауазымдарға дейін жетті. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тоқжан Мұзапаров «Едіге Шон» ЖШС басқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер