astana-view

Ақмола өндірушісі «Жайлы мектеп» жобасына құрылыс материалдарын дайындайды

2024 жылғы 05 Тамыз
- Ақмола облысы
320 просмотров

«Kokshe Building Serviсe ЖШС» - «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасып жатқан компания.

«Kokshe Building Serviсe» ЖШС Ақмола облысының құрылыс нарығында он жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын түрлі темірбетон бұйымдарын өндіреді және сатады, сондай-ақ тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салуға маманданған. Кәсіпорын темірбетонның ең ірі өндірушілерінің бірі. Компания өнімі тек Ақмола өңірінде ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Астана қаласында да сұранысқа иа. 2023 жылдан бастап компания «Жайлы мектеп» жобасының қатысушысы болды.

«Жайлы мектеп» жобасы бізге экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты, өйткені жобаның маңызды басымдықтарының бірі тауарлар мен қызметтерді отандық өндірушілерді қолдау. Ал «Атамекен» Ұлттық палатасы құрылыс салушы компаниялар мен жергілікті өндірушілер арасындағы байланыстырушы буын болып отыр», - дейді «Kokshe Building Serviсе» ЖШС темірбетон бұйымдары зауытының директоры Қонысбай Мұқанов.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Расул Сыздықовтың айтуынша, ауқымды жобаның барлық қатысушысы - құрылыс компаниялары, мердігер ұйымдар, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілер. Олар құрылыстың, оның ішінде әлеуметтік нысандардың үлкен тәжірибесі бар кәсіпорындар.


Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы апатты нысандарды, үш ауысымды оқу және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Бұдан басқа, жобаны іске асыру білім беру қызметтерінің сапасын арттырады, өңірлер, ауыл және қала арасындағы білім беру процесіне қатысушылардың жабдық, зертханалар, интернет, жалпы оқу орындарындағы қолайлы жағдайларға қолжетімділігіндегі теңгерімсіздікті жояды деп күтілуде.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер