astana-view

Сол «Мәнерде»

2024 жылғы 09 Тамыз
- Алматы қаласы
3495 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда қайта жаңғыртудан кейін «Манера» дизайнерлік киім бутигі қайта іске қосылды. Тек қазір оның коллекциясы едәуір кеңейіп, бірден 7 отандық дизайнердің брендін ұсынуда.

Танымал қазақстандық «Манера» брендінің негізін қалаушысы – «Швейная компания «Семирамида» ЖШС 19 жылдан бері отандық сауда маркасын қалыптастыруға еңбек етіп келеді. Бұл тек тігін өндірісі емес, әйелдерге арналған сыртқы киімнің ерекше келбетін келтіру. Енді компания өзінің фирмалық бутигінде бірден 7 отандық брендті біріктірді.

«Біз 11 жылдан бері осындамыз. Бутик монобрендті болды. Яғни, осы жылдар ішінде біз тек «Семирамида»-ның  өнімдерін ұсынған болатынбыз. Бренд «Манера» деп аталды. Ол барлық тілде бірдей естіледі және әркімнің өзіндік мәнері бар: мінез-құлық мәнері, киіну мәнері, өзін-өзі ұстау мәнері және т.б. Қазір мұнда 7 бренд ұсынылған. Біз сатып алушыларымызды алдамаймыз. Киім тек таза табиғи маталардан тігіледі: жібек, мақта, кашемир және т. б. Мұнда бірнеше дизайнердің өнімдерін біріктіріп, отандық өндірушілермен коллоборация жасай отырып, бәріміз ұтымды жағдайда боламыз. Тұтынушыларымыз жоғары сапа мен заманауи стильді таңдауы үшін, біз туралы неғұрлым көбірек адамдар естіп, білу үшін отандық танымал өнімдерін біріктірдік» - дейді «Семирамида» тігін компаниясының бас директоры және Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының вице-президенті Наталья Ақшабаева.

«Швейная компания «Семирамида» ЖШС отандық жеңіл өнеркәсіп нарығында 1997 жылы пайда болды. Алматының тігін саласындағы үздік шеберлерін біріктіріп, тек жұмыспен қамтып ғана қоймай, олардың шығармашылығын дамытуға да көп атсалысты. Мысалы, дизайн студиясының дизайнері Надежда Попова, компания құрылған күнінен бастап жұмыс істеп келеді.

«Бастапқыда барлық эскиздер мен пішіндерді қолдан жасайтынбыз. Қазір болса, заман талабына сай компьютерлік бағдарламаларды қолданамыз», - дейді ол.

Ерлер, әйелдер және балаларға арналған кең ауқымды ассортиментте киім тігуге тырысты. Кейіннен өндіріс өзінің брендімен сәнді әйелдер киіміне назар аударды.

«Тұтыну нарығы айтарлықтай өзгерді, тұтынушылар креативті бола бастады. Біз қазақстандықтардың шетелдік дизайнерлер ғана емес, отандық дизайнерлердің туындыларын кигенін қалаймыз. Біздің дизайнерлер жан-жақты ізденуде: жаңа шикізатты, жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сән индустриясының дамуына сәйкес келетін жаңа модельдерді ойлап табады. Сонымен қатар, біз жаңа есімдердің танымал болуына қуаныштымыз. Мұнда бірден бірнеше дизайнердің өнімдерін біріктіре отырып, біз оларға өндірісті дамытуға көмектесуге дайынбыз және тұтынушыларға толық образды таңдауға мүмкіндік береміз. Яғни, бұл отандық нарықтың тұрақты дамуы үшін жасалған қадамымыз», - дейді «Мәнер» брендінің дизайнері Гүлнар Бекебаева.

«Манера» бутигі ұсынып отырған отандық брендтердің барлығы дерлік өз елімізбен шектелмей, басқа мемлекеттерде де танымал.

«Біздің басты миссиямыз – кигенге ыңғайлы киім, сапалы өнім шығара отырып, әдемі келбет қалыптастыру. Мен нарықта қолайлы бағамен стильді және сапалы киімнің тапшылығын жеке басым қатты сезінгеннен кейін, өзімнің отандастарыма қалауынан шығатын киім тіккім келді. Биыл сәнді киім нарығында істеп келе жатқанымызға 7 жыл болды. Осы уақыт ішінде өнімімізді біраз елдерге сатамыз. Әзірге Австралияны қамтымадық, ал басқа мемлекеттердің барлығына жіберіп отырамыз», -дейді дизайнер, сәнгер-конструктор Ольга Стрыгина.

«Алматыда креативті және ІТ индустриямен қатар туризмді дамыту басымдықтардың бірі болып табылады. «Семирамида» ЖШС «Мәнер» брендімен және бірден бірнеше отандық брендтермен коллоборация құра отырып, туристер үшін тартымды болады. Яғни, мұнда ұлттық колориты бар жекелеген қазақстандық брендтердің заттарын да сатып алуға, толық look-ты да құрауға болады. «Семирамида» ЖШС «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сыйлықтарының лауреаты. Біз кәсіпкерлер палатасы ретінде кәсіпкерлерге әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз.  «Семирамида»-ны тұтынушылар Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту саласында өзіндік ізашар ретінде таниды. Ал оның брендін ілгерілету – отандық сауда маркасын танымал болуына ықпалдасу», - деп есептейді Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мурзақұлова.

Фэшн-индустрия мамандары Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің болашағы зор екеніне сенімді. Жоғары деңгейлі мамандар да бар, жұмыс істеуге және сапалы және стильді заттар жасауға деген ұмтылыс та жоқ емес. Алайда, барлық қазақстандықтарды отандық өнімдерге киіндіру үшін мемлекеттің қолдауы қажет, - дейді олар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер