Райымбек Баталов: «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің кәсіпкерлерін біріктірді
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сенбілікке шықты.
ҰКП ұжымы Астана қаласының сыртындағы велосипед саябағына арнайы барып, демалыс орнын қоқыстардан тазалады.
«Өңірлік палаталар акцияны қолға алып, өз аулаларын, ауылдарын қоқыстардан тазалап, саябақтарын абаттандыруға үлес қосып жатқандары қуантады. Біз осылайша өзіміздің бірлігімізді, Отанымызға деген ыстық ықыласымызды таныттық.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бізді қолдаған және мұны бір реттік шара ретінде қабылдамаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Райымбек Баталов.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясына «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалдарының ұйымдастыруымен мамыр айынан бері 164 мыңнан аса адам (оның 4 мыңдайы өңірлік палаталар, кеңестер мен еріктілер, 160 мыңнан астамы ШОБ өкілдері) сенбілікке шығып, 189 мың тоннадан аса қоқыс тазалады. Бұған қоса, ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 4 мың ірі кәсіпорын атсалысты.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес атынан қоршаған ортаны сақтай отырып, мұндай бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: