astana-view

Түркістан: Өңірлік көшпелі семинар өтті

2024 жылғы 23 Тамыз
- Түркістан облысы
2078 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес субъектілері үшін бірлескен жаппай түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарының аясында өңірлік көшпелі семинар өтті. Бірлескен жоспарлы кездесуге Түркістан облысы бойынша МКД қызметкерлері, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев және кәсіпкерлер қатысты.

«Іс-шараның мақсаты —  бизнеске нақты тауарларды бақылау туралы заңнаманы сақтау қажеттілігін жеткізу. Бұл тақырып үнемі әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібінде тұрады. Бірінші кезекте бұл ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері. Осыған байланысты, қауіпсіз бизнесті жүргізу мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлескен жұмысы қажет. Біздің міндетіміз - қауіпсіздік мақсаты мен іскерлік белсенділікті қолдау, яғни қауіпсіздік пен сауда арасындағы дұрыс тепе-теңдікті орнату», - деді ҚР ҚМ МКК аудит департаменті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы  Берік Карисов.

Спикерлер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» ҚР Заңындағы  тауарларды бақылау заңнамасын сақтамағаны үшін жауапкершілігімен қоса тауарларды бақылау бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті туралы қысқаша түсінік берді. Жиын соңында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер