astana-view

«Атамекен» ҰКП қытайлық делегациямен кездесуі: серіктестік және даму келешегі

2024 жылғы 04 Қыркүйек
6540 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Ұлттық палата басшылығы мен қытайлық бизнес-делегация арасында кездесу өтті.  

Кездесуге «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов, Biyou Сhuangfu Technology Co., Ltd Басқарма төрағасы Чжэн Хайфэн, Chuangxin Biotechnology Co., Ltd Бас директоры Цзян Фанжун, Shenzhen Haojie Innovation Electronics Co., Ltd Бас директоры Чжоу Чжэнсян және басқа да кәсіпкерлер қатысты.

Өз сөзінде Т. Жаркенов Палатаның қызметі, мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды.  

Сондай-ақ, Қазақстан Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге зор мән беріп отырғанын атап өтіп, ҚХР – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін баса айтты.

Өз кезегінде делегация басшысы Чжан Хайфэн кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғысын айтып, болашақ жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдіретінін жеткізді.

Ч. Хайфэн атап өткендей, кездесуге түрлі салалардың кәсіпкерлері қатысты. Мәселен, Biyou Сhuangfu Technology Co., Ltd компаниясының қызмет саласы жалпы жобаларды қамтиды: ол – техникалық қызметтер, технологияларды дамыту, ілгерілету және бизнесті басқару қызметтері жатады.

Chuangxin Biotechnology Co., Ltd Қытайдағы ультра дәл микрофлюидті чип технологиясының көшбасшысы ретінде танылған. Компания ультра дәл микроқұрылымды микрофлюидті чиптерді зерттеуге, әзірлеуге және өндіруге бағытталған медицина, биология және ультра дәл өндіріс саласындағы сарапшыларды біріктіреді.

Жиында технологиялық инновациялар, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Қатысушылар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер