astana-view

МЖӘ жобаларына қатысушылар Өңірлік палата алаңында кездесті

2024 жылғы 11 Қыркүйек
- Ақмола облысы
4656 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, «Viamedis» ЖШС мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында 2020 жылдан бастап іске асырылып жатқан МЖӘ жобасы талқыланды. Айта кетейік, жеке әріптес денсаулық сақтау нысандарына 5 млрд теңгеден астам инвестиция салған. Көкшетау және Степногорск қалаларындағы емханаларды реконструкциялау жасалды, облыс орталығындағы Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары үшін емханасы бар Клиникалық-оңалту орталығы салынды, жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыру жүргізілді. Сонымен қатар, «Viamedis» ЖШС бастамасымен МЖӘ шарттары шеңберінен тыс, Бестөбе кентінде жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды, Заводской кентінде емханаға күрделі жөндеу жүргізілді, Степногорск қаласының шағын ауданындағы емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кездесуге қатысушылар тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, МЖӘ шарттарын орындау пункттері, болашақта осы модельді дамыту перспективалары талданды. Талқылау нәтижесі бойынша тараптар қателіктермен жұмыс істеу жайында пікір алмасты, мұндай серіктестікті әрі қарай жалғастыру, сондай-ақ МЖӘ институтын қолдану аясын кеңейтуге келісті.

«Кездесу қорытындысы бойынша жобаға қатысушылар арасында бар мәселелерді шешу бойынша қарарлар шығарылды. Бұл шара тиімділіктің жоғары дәрежесін беріп, кәсіпкердің мүддесін сақтай отырып, бюджет үшін ең төмен тәуекелдермен ауқымды жобаны одан әрі іске асыруға ықпал етеді деп күтілуде», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Еске салсақ, МЖӘ жобасы – мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастық нысаны, яғни мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің дәстүрлі түрде тиісті шарттарда айқындалатын тәуекелдер, пайда мен шығындар, құқық мен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарында мемлекеттің жауапкершілік саласына жататын салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер