astana-view

Отандастарға қолдау

2024 жылғы 11 Қыркүйек
- Алматы қаласы
373 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Астанада өтіп жатқан «Ұлы дала дүбірі» деп аталатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіруде.

Әдеттегі жұмыс күні «Атамекен» қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келді. Өз бастамасын олар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғауға барын салып отырған спортшыларымызға арнайды.

Анықтама ретінде: Алғашқы ойындар Қырғыз Республикасы, Шолпан Ата қаласында 2014 жылы Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың бастамасымен өтті. Сол кезде Ыстық көл жағасында өткен ойындарға 19 елден 583 спортшы қатысты. Кейінгі ойындар 2016, 2018 жылдары өткізілді. 4-ші ойындар 2022 жылы Түркияда өтті. Енді, қонақтар мен қатысушыларды Қазақстан қабылдады. Осы жылдар ішінде спорттық мерекенің географиясы едәуір кеңейді - биыл әлемнің 100-ден астам елінен, 4 мыңға жуық қатысушы басқосты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі жарыстарға айналды және ЮНЕСКОның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Қазақстан медальдық есепте үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр. Біз жарыстарды бақылап, спортшыларымызға сәттілік тілейміз, - деп Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрамбек Қаныбеков  пікір бөлісті

«Елордамызда өткен жексенбіде басталып, осы аптаның аяғына дейін өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының құрметіне, қатысушылары жақсы ойын көрсетіп жатқанын насихаттап, кәсіпкерлер палатасының ұжымы қолдау ретінде ұлттық киім киген өзіміздің бір күндік жұмысымызды арнап жатырмыз. Бұл көксеп келе жатқан бұрынғы ата-бабаымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ойындары. Осы жолы ойындарды өткізу біздің Астанамыздың төріне бұйырған екен. Барлығына табыс тілейміз. Сонымен бірге, 9 қыркүйек күні Ұлттық палата құрылған күнін атап өтті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен тұспа тұс келген мерекемізбен де құттықтап, барлық қызметкерлерге қызметтері табысты болуын тілейміз. Жоғары биіктен көріне берейік. Қазақстанымыздың көк туы әрдайым тұғылры болсын дегім келеді», - деп түйіндеді ойын Қаныбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер