astana-view

Павлодарлық "Атамекен" Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша құрылған штаб құрамында белсенді жұмысын жалғастырды

2024 жылғы 13 Қыркүйек
- Павлодар облысы
4591 просмотров

Павлодар облыстық халықтық штабында атом электр стансасының құрылысы бойынша өткен күндері халықпен жұмыс істеген сарапшылар тобының жұмысының бірінші аптасының қорытындысы шығарылды.

Жұмыс аптасының қорытындысы бойынша кездесуге Павлодар облысы rәсіпкерлер Палатасының директоры Ерқанат Әбенов, сондай-ақ "Атамекен" ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев қатысты.

Штабты «Атамекен» Палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Илья Теренченко басқарады. Ол барлық саяси партиялар, "Атамекен" Палатасы, Жоғары оқу орындары, ірі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық пікір көшбасшылары бірден кіретін штабқа жас депутаттар қауымдастығы, іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да бірлестіктер қосылғанын атап өтті.

"Кәсіпкерлер Палатасымен бізде бизнес субъектісінің қатысуымен үлкен іс - шара жоспарланған", - деді ол.

Айта кетейік, АЭС құрылысы үшін Павлодар облыстық халық штабының ең жас мүшесі колледждердің бірінің студенті, «Байтақ» партиясының мүшесі болды. Қалалардағы, ауылдардағы және кәсіпорындардағы сарапшылармен кездесулерге облыстың 160 000-ге жуық тұрғыны қатысты. Алда- халықпен одан да белсенді екі апталық түсіндіру өтуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер