astana-view

Скоринг vs салалық сараптама – өндірушілердің тізіліміне ҰКП көзқарасы

2024 жылғы 18 Қыркүйек
5624 просмотров

Қазақстанда СТ-KZ бизнесі мен Индустриялық сертификаттардың орнына қазақстандық тауарлар тізілімі әзірленуде. Мақсаты – елішілік құндылық үлесін арттыру, жалған өндірушілерді және сатып алудағы жалған схемаларды алып тастау. Алайда, Өңдеу өнеркәсібі комитетінің соңғы отырысы көрсеткендей, енгізу процесінде бірқатар қиындықтар пайда болуда.

Негізгі кедергілердің бірі мемлекеттік органдардың өндірістік операцияларды бағалау кезінде салалық сараптамадан бас тарту ұсынысы болып отыр. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мәліметі бойынша жаңа тізілімнің негізгі элементі сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендете отырып, адами ресурстың араласуын барынша азайтатын скоринг – бағалау жүйесі ұсынылды. Алайда, бизнес пен ҰКП өкілдері бұл бағалаудың объективтілігіне әсер етіп, жалған өндірушілер үшін орын қалдыруы мүмкін деп санайды.

ҰКП Басқарушы директоры – Тауардың шығу тегін сертификаттау департаментінің директоры Аман Малғаждаровтың айтуынша, бұл тізбекте өндірістік-технологиялық операцияларды салалық бағалауды сақтау өте маңызды.

«Салалық сарапшының өндірістік қуатты анықтауы жалған өндірушілерді болдырмау және елішілік құндылық үлесін арттыру үшін маңызды болып табылады. Салалық бағалау ҰКП тарапынан заң жобасы аясында және біздің осы модельге деген көзқарасымыз бойынша бағалауды тек сараптамалық ұйымдар ғана емес, атап айтқанда, жоғары мамандандырылған қауымдастықтар мен салалық сарапшылар да жүргізді», - дейді спикер.

Бизнес өкілдері қазақстандық өндірушілерді қорғаған жүйе көптеген жылдар бойы жұмыс істегенін, ал жаңашылдықты енгізумен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін преференциялар жоғалатынын атап өтті. Жылдар бойы пысықталған жүе сәйкес сараптамаға жауапты бизнестің және сертификаттар беруге жауапты Ұлттық палатаның үйлестірілген жұмысы жолға қойылды. Бұл жалған өндірушілерге жол бермейтін құрал болып отырғанын алға тартты.

Ұлттық палата өндірістің балдық бағасын ескере отырып, елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесі бойынша мынандай жаңа тетікті ұсынады:

  • Жергілікті шикізатты пайдалану – 20 балл.
  • Технологиялық операциялар – 60 балл.
  • Ебекақы төлеу қоры, салықтар және коммерциялық төлемдер – 20 балл.

 

Ұсынылған әдістемеге сәйкес, есептеу дайын өнімнің өзіндік құны және тек өндірістік шығындарды есепке алу негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, ең жоғары балл жинаған қатысушылар жоғары санатқа жатқызылып, бұл оларға мемлекеттік сатып алулардағы басымдықты және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, мемлекеттік органдар ұсынған әлеуетті өндірушілерді қазақстандық тауарлардың шығу тегі тізіліміне енгізу тетігінде елішілік құндылық үлесін есептеудің тұжырымдамалық тәсілдерінде айқындық жоқ екенін бизнес-қауымдастық алға тартуда. Өңдеу өнеркәсібі одағының атқарушы директоры Әсел Дангилованың айтуынша, механизм әлі де  пысықтауды қажет етеді, өйткені тізілімге енуге технологиялық операцияларды орындау секілді тек бір ғана критерийді қарастыру көзделген.  

«Тауарлардың барлық түріне технологиялық операцияларды тағайындау мүмкін емес. Біз «QazIndustry»  техникалық операцияларын қалыптастыруға тырыстық, бірақ тұжырымдамалық тәсілдер анық емес. Балдық жүйе айқындалмаған, - деп атап өтті ол.

Бағалаудың жаңа әдістеріндегі белгісіздікке байланысты «Атамекен» ҰКП барлық мәселелер пысықталғаннан кейін тізілімді енгізу керектігін ұсынды. Бұл тәуекелдерді болдырмауға және бағалау тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объективтілікті арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін бағалау процесіне жоғары мамандандырылған қауымдастықтарды қосу қажет. Бұл қадамдар қазақстандық өндірісті дамытуға және оқшаулау үлесін ұлғайтуға ықпал ете отырып, мемлекеттің де, бизнестің де мүдделерін ескеретін неғұрлым теңдестірілген және тиімді жүйені әзірлеуге жәрдемдеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер