astana-view

ШҚО жағалауындағы жер иелері учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерте алмауда

2024 жылғы 27 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
2955 просмотров

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан әкімшілік тосқауыл Бұқтырма су қоймасы маңында шаруашылық қызметті жүргізуге кедергі келтіруде.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы өкімі бойынша жұмыс тобының қорытындылары шығарылғанға дейін жер учаскелерін беру тоқтатылғаны айтылды.

«Өкім Бұқтырма су қоймасының жағалауында туризм объектілері бар кәсіпкерлерге нысаналы мақсатын өзгерту жолымен қызмет бағытын кеңейтуге немесе өзгертуге мүмкіндік бермейді. Жұмыс тобы мәселені шешуге асықпайды, осылайша Бұқтырма су қоймасының жағалауында бизнес жүргізуге кедергі келуде», - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алыстан Маратов.

Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бойынша басшысы Айгүл Құттыбаеваның мәліметі бойынша, учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту 2023 жылдың басында жер комиссиясын өткізу және Ертіс бассейндік инспекциясынан бас тарту деңгейінде болған.

«8 жылдан бері жұмыс тобы өз жұмысын аяғына дейін жеткізе алмауда. Өкім қате шешім қабылдауға септігін тигізуі мүмкін»,- - деді ШҚО прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутенов.

Жиын қорытындысы бойынша Кеңес төрағасы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне өкімнің күшін жою немесе жұмыс тобының қорытындыларын ұсыну мерзімдерін жеделдету мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер