astana-view

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы

2024 жылғы 01 Қазан
827 просмотров

«Бір ауыл – бір өнім» (бұдан әрі – БАБӨ) – кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімді өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті ресурстардан өнімді жасау және жылжыту бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жоба.  

БАБӨ жобасын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы бойынша «Мен - кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде іске асырады.

Мақсаты – жергілікті және оқшауланған ресурстардан, оның ішінде ауылдық деңгейде өңірлік өнімдерді анықтау, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруге жәрдемдесу және сыртқы және (немесе) ішкі нарықтарға шығуды ілгерілету.

Қатысу шарттары:

БАБӨ жобасына жергілікті және оқшауланған ресурстардан өнім өндіретін шағын және орта бизнес субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар қатыса алады.

БАБӨ өнімдері қандай талаптарға сай болуы керек?

Өнімді (тауарды) БАБӨ жобасына сәйкестігін айқындау мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • өнім (тауар) жергілікті/оқшауланған шикізаттан өндірілуі тиіс;
  • өнім (тауар) дайындау кезінде қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы керек;
  • өнім (тауар) мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін (өнімнің шығу тарихын) көрсетуі және қамтуы тиіс;
  • өнім (тауар) құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауға, өнімді (тауарды) қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті қаптаманың болуын ескерілуі, сондай - ақ өнім (тауар) тез бұзылатын санатқа жатпауға, яғни сақтау мерзімі 5 (бес) күннен аспауға тиіс;
  • жабдықтардың болуы және жұмыс орындарын құру құпталады;
  • өнімді экспортқа жылжыту әлеуетін ескеру;
  • техникалық регламенттерде белгіленген өнімнің сәйкестігі туралы қажетті сертификаттың/декларацияның болуын не тамақ және эко өнімдеріне сертификаттан өту немесе алу сатысында не сертификаттаудан/декларациядан өту мүмкіндігі бар, өндіріс үшін шарттары бар екенін ескеру қажет;

Өнімді (тауарды) «жергілікті/оқшауланған шикізатты пайдалану» өлшемшарты бойынша айқындау кезінде өнім (тауар) негізінен жергілікті/оқшауланған шикізаттан өндірілетін жағдайға жол беріледі, алайда дайындау кезінде әкелінетін фурнитура, өндірілетін өнімнің (тауардың) тұтастығын жасайтын басқа да шығыс материалдарын пайдаланса болады.  Мысалы: былғарыдан жасалған бұйым (сөмкелер, тәпішкелер, әмияндар және т.б.), ал әкелінетін фурнитура, тойтармалар және басқа материалдарды қосымша ретінде қолдануға болады.

БАБӨ жобасына қатысу үшін жергілікті/оқшауланған ресурстардан өнім өндіруші болу және өңірлік кәсіпкерлер палаталарында сауалнама-өтінім толтыру, содан кейін облыс бойынша 10 (он) өндірушіге дейін жұмыс тобы өнімді іріктеу жүргізетін өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылған БАБӨ көрмесіне қатысу қажет. БАБӨ финалисті болу үшін өңірлік Бренд комитетінің іріктеуінен өту керек. 

Қызметтер өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында офлайн режимде көрсетіледі.

«Атамекен» ҰКП көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуға қолдау көрсетеді, сондай-ақ өнімнің тауар белгілерін, логотиптерді әзірлеуге жәрдемдеседі, БАБӨ финалистерін оқытады және маркетингтік сүйемелдеуді жүргізеді.

БАБӨ жобасының финалистері 5 млн теңгеге дейін өтеусіз грант алуға үміткер болуға құқылы. Өңірлерден келген кәсіпкерлер БАБӨ жобасының арқасында идеяны немесе хоббиді нақты жұмыс істейтін бизнеске айналдыра алады, жаңа білім, технология, серіктестер мен жеткізушілерді табу дағдыларын алып, жоғары сапалы тауар шығарып, нарыққа сатуға қолдау алып, ақшалай пайда таба алады.

 

Толығырақ ақпарат пен кеңес алу үшін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыз немесе 1432 колл-орталығына қоңырау шалыңыз.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер