astana-view

Жедел жәрдем кей шақыртуға енді тәулік бойы бармауы мүмкін: ҰКП ДСМ енгізген өзгерістерді қайта қарауды талап етті

2024 жылғы 23 Қазан
3070 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кеңес Денсаулық сақтау министрлігінің «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына түзетулерді енгізуге арналды. Бұйрық жобасында медициналық қауымдастықтың да, халықтың да алаңдаушылығын тудыратын өзгерістер ұсынылды. Жаңа енгізілім жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарға әсер етеді.

 

Ұсынылған негізгі нормалардың бірі барлық бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдары үшін олардың меншік нысанына және бекітілген халық санына қарамастан, БМСК жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін) 4-санаттағы шұғыл шақыруларға қызмет көрсету үшін мобильдік бригадалар құру міндеті тұр. Бүгінде жүйе халықтың санына байланысты жедел жәрдем бөлімшелерін (35 мың адамға бір бригада) осы қызметті аутсорсингке беру мүмкіндігін ұсына отырып жарақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл тағайындалған БМСК тұрғындары бүкіл елді мекенде шашыраңқы болған кейбір жағдайларда жедел медициналық көмектің икемділігі мен қолжетімділігін арттырады. Бұл ретте, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынылған өзгерістерді автокөліктердің тозуымен, бригадалардың жеткіліксіз жарақтандыруымен және жедел жәрдем станцияларының жүктемесімен негіздейді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, жедел жәрдем шақыруларының 50%-дан астамы 4-санатқа жатады және бұл жүктемені БМСК-ке беру жедел жәрдем бригадаларын қиын да күрделі шақыртуларға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Кейбір өңірлерде БМСК 4-санаттағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, бұл жедел жәрдемге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

«Бүгінде БМСК ұйымдарының 4-санаттағы қызмет көрсету үшін қаржыландыру – ай сайын тіркелген бір тұрғынға 51 теңге. Бұл ретте, көптеген ұйымдар, ал Астана қаласы бойынша жартысы жедел жәрдеммен аутсорсингте жұмыс істейді», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің  ҰҒДСДО Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева.

Оның айтуынша, БМСК-ның міндетті мобильді бригадаларын құру арқылы жедел жәрдемге шақыртуды едәуір азайтуға болады. Бұл учаскелік дәрігерлердің жұмыс сапасын арттыруға, олардың диспансерлік қадағалауға мейлінше көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, жедел жәрдемдердің шақыртуын азайтады.

Басқарушы директор – Медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова атап өткендей, мобильді топтар құру міндетін енгізу БМСК-ның қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіз ескерілуіне байланысты медициналық қауымдастық тарапынан сынға ұшырауда.

«Ұсынылған өзгеріс қазіргі жедел медициналық жәрдем жүйесінің қалыптасқан және үйлесімді жұмысын бұзады. Сондықтан бүгінгі таңда қолданыстағы тетікті сақтау және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жедел медициналық көмек көрсету тәсілдерін одан әрі тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарау ұсынылады», - деп атап өтті Қабдрахманова.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған жаңашылдықтарына теріс сараптамалық қорытынды берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер