astana-view

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңесінің отырысы өтті.

2024 жылғы 05 Қараша
- Астана қаласы
156 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Боливар Венесуэла Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Росальба Ло Буе Антиконың қатысуымен "Туризм" салалық кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуде қатысушылар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіншіліктерін талқылады.

Елші ханым Венесуэланың бірқатар туристік ұсыныстарын білдірді, визалық және консулдық процестер туралы ақпарат берді, сондай-ақ ынтымақтастық пен инвестициялық бизнес мүмкіндіктері туралы айтып кетті.

Кеңес барысында әлеуетті туристердің назарын аудару және олардың хабардарлығын арттыру үшін елдің туристік әлеуетін ілгерілетуге ықпал ететін Ұлттық брендтерді ілгерілетудегі географиялық нұсқаулары қарастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер