astana-view

Балалар пойызы және жаңа маршруттар: Комиссия мүшесі «Jibek Joly» пойызының жоспарымен бөлісті

2024 жылғы 22 Қараша
3786 просмотров

Елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және қазақстандықтар үшін сапарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Jibek joly» туристік пойызы күні кеше өзінің алғашқы сапарын аяқтады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол турында көрікті деген жерлерді 100-ден астам турист тамашалады.

«Тұран Қазақстан тревел» ЖШС директоры Раушан Сартаева «Атамекен» ҰКП-мен жаңа жобаны іске асыру бойынша және оның Қазақстандағы ішкі және келу туризмін дамыту ықпалымен бөлісті.

«Жобадан көп нәрсе күтеміз, дегенмен көп нәрсе уақытқа байланысты. Шығу кестесінің тұрақтылығы және қолжетімді баға саясаты маңызды. Бұл жоба ішкі туризмді дамытуға қуатты серпін береді деп үміттенеміз. Оны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, қонақүйлердің толымдылығын, автокөліктердің жүктемесін арттырады, сондай-ақ жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру үшін мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, бүгінгі тарихи бағыттар балалар, техникалық, медициналық және студенттік турларға айналуы мүмкін. Бұл сайып келгенде, елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтатыны сөзсіз.

Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы бағыты туроператорлар мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан ұзақ талқылаулар мен мұқият пысықтаудың нәтижесі болды. Раушан Сартаеваның айтуынша, туристік нарық ұсынған бағыт бірнеше негізгі факторларға негізделген:

- Ішкі және шығу туризмінің синергиясы. Жаңа бағыт қазақстандықтардың бір сапар аясында Түркістан мен Ташкентке бару мүмкіндігіне деген қызығушылығын зерттеуге мүмкіндік береді. «Бұл идеяны әлеуметтік желілерде белсенді талқылау қазірдің өзінде азаматтар тарапынан қызығушылық барын көрсетеді», - деп атап өтті директор.

- Мектептегі топтар мен ішкі туризм қолданушыларын қоса алғанда, Түркістанға туристік ағымның артуы.

- Шетелдік туристерді тарту. Бір сапар аясында бірден екі елге бару мүмкіндігі шетелдік саяхатшылардың үлкен қызығушылығын тудырады.

- Халықаралық теміржол туризмін дамыту. Бағыт екі елдің туроператорларының ынтымақтастығы үшін зор маңызға ие. Бұл болашақта чартерлік рейстерді іске қосуға мүмкіндік береді. Қазақстандық туристер Өзбекстанға, ал өзбекстандықтар Қазақстанға сапар шегіп, келу туризмін дамытуға ықпал ете алады.

- Маршруттың ыңғайлылығы мен оңтайлылығы. Маршрут нүктелері арасындағы салыстырмалы түрде қысқа қашықтық саяхаттауға ыңғайлы етеді. Бұл өз кезегінде, отбасылар, мектеп топтары үшін маңызды. 

Комиссия мүшесінің айтуынша, Самарқандқа бағытты ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар, туроператорлар мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ көктемгі демалыс күндері балалар чартерлік пойызының пилоттық жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

«Аталған бағыт Солтүстік және батыс өңірлердің оқушыларына арналған және Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан сияқты қалаларды байланыстырады. Оңтүстік өңірлердің оқушылары үшін еліміздің Орталық, Шығыс немесе батыс өңірлерін қамтитын Түркістан – Алматы – Астана бағыты бойынша саяхат жоспарлануда», - деп бөлісті турбизнес өкілі.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасында балалар туризмін дамыту үшін өзбек тарапымен келіссөздердің бірнеше кезеңі өткізілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Қытай азаматтары үшін туристік маршрутты іске қосу қарастырылуда. Бағыт Үрімші – Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд бағыттары бойынша өтеді және жазда немесе көктемде іске асырылады деп болжануда.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада арнайы құрылған Jibek joly туристік пойызы Алматы станциясына келді. Қазақстанның туризм саласындағы маңызды оқиға мемлекет басшысының туризмді дамыту стратегиясы аясындағы тапсырмасының нәтижесі болды. Бұл бастама туралы алғаш рет еліміздің туристік бизнес өкілдері мәлімдеді. «Дөңгелекті тур» жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ туроператорлармен бірлесіп іске асырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер