astana-view

Туризм саласындағы негізгі мәселелерді Алматы қаласы ӨКП жанындағы салалық кеңес мүшелері талқылады

2024 жылғы 27 Қараша
- Алматы қаласы
213 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

26 қарашада Алматыда туризм жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жаңартылған құрамға турбизнестің 16 өкілі кірді. Айтылған мәселелер мен ұсыныстардың тізімі әсерлі болды. Сондықтан, «жеңді түріп» атқаратын жұмыс аз емес.

Негізгі проблемалардың қатарында қазақстандық және шетелдік туристер арасында танымал болған кейбір локацияларға жету қиын екендігі айтылды.  Және кеңес мүшелері орналастыру орындарына, инвестициялық жобаларға субсидияларды ұлғайту бойынша да жұмыс істеуге ниетті. Туризм саласын дамытуға кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер жетерлік, дейді басқосуға қатысқандар. Сондықтан, туындаған мәселелерді сегменттерге бөліп шешу, мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге және оңтайлы шешімдерді табуға үлкен әсер етеді.

«Мысалы, Алматының ауыртпалығы әуежай, автобустар, логистика болып табылады. Сонымен қатар, Мен сіздің назарыңызды хостелдерге аударғым келеді. Оларды көптеген туристер пайдаланады және олар шашыраңқы. Мысалы, Лондонда туристік бағыттар анық, онда хостелдер белгілі бір алаңда топтасып шоғырланған. Бұл тәртіпті жақсырақ бақылауға, жақын жерде тамақтану нүктелерін орналастыруға және т.б. мүмкіндік береді. Алматыда нөмірлік қор тапшылығын ескере отрып, бұндай тәжірибені біздің қаламызда да енгізген жөн. Менің ойымша, бұл бірнеше жылдан кейін оң нәтиже береді», - деді ҚР альпинизм және тауға өрмелеу федерациясының вице-президенті Бағлан Жүнісов.

                              

Отырыс барысында қатысушылар кеңес төрағасын сайлады. Сенім бірауыздан «Footlab Almaty» ЖШС басқарушы директоры Мақсат Қиқымовқа білдірілді. Бұл отырысқа ол онлайн қатысты, бірақ Алматының туристік индустриясына көмектесетін бірнеше жобалары бар екенін атап өтті.

                               

Алматының «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова өңірлік кеңеске алдағы сайлау бойынша ақпарат берді. Оның жаңартылатын құрамына әр салалық кеңестен екі делегаттан және аккредиттелген қауымдастықтардан бір делегат ұсынылатын болады. Егер салалық кеңестер әрқайсысы өз бағыты бойынша жергілікті деңгейде жұмыс істейтін болса, аймақтық кеңес – заңнаманың өзгеруіне әсер ететін және проблемалық мәселелерді елдің министрліктері мен Үкімет деңгейіне шығаратын орган. Сондықтан оған салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтардың ең белсенді және салаға жаны ашитын мүшелер сайланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер