Туризмдегі сапа стандарттарын арттыру - уақыт талабы
2024 жылғы 28-29 қарашада Алматыда «Kazakh Tourism» компаниясы ұйымдастырған фасилитациялық сессия өтт. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның туристік саласы үшін маңызды оқиға болды. Іс-шара жаңартылған жіктеу ережелерін талқылауға және туризм саласындағы қызметтер сапасының стандарттарын арттыруға бағытталған орналастыру құралдарын жіктеудің бірыңғай жүйесін енгізуге арналды.
Қазақстанда туризм саласына тікелей қатысы бар 160-тан астам стандарт қолданылады. Бұл стандарттар қонақ үйлер, көлік, тамақтану, туристік ақпараттық орталықтар және қызметтер сияқты әртүрлі салаларды қамтиды. Ал 2020 жылдан бастап тау шаңғысы курорттары, этноауылдар мен кемпингтер үшін стандарттар да пайда болды.
Мәселелердің бірі - осы стандарттарды енгізудің төмен деңгейі. Мысалы, туристерді орналастыратын 3596 нысанның тек 150-і немесе 5% - дан азы олардың белгіленген санатқа сәйкестігін растайтын сертификатқа ие. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай көпшіліктің қолданыстағы стандарттар туралы білмеуіне, оларды қолдануға ынтасы болмауына, сондай-ақ оларды енгізу механизмінің жетілмегендігіне байланысты.
Жағдайды талқылау үшін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен фасилитациялық сессия ұйымдастырды, сарапшылар кәсіби стандарттарды қайта қарау қажеттігін атап өтті. Бұл кадрларды даярлауға, стандарттардың бірыңғай жүйесін енгізуге қатысты.
Сессия және туизм бойынша салалық Кеңес жұмысының шеңберінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері ұсынылған құжаттарды зерделеуге, өз ескертулері мен ұсыныстарын талдап, ұсынуға белсенді қатысты. Бұл талқылаулар орналастыру объектілерін жіктеуге қойылатын талаптарды тереңірек түсінуге және екі елде де қонақ үй бизнесін дамыту үшін жағдайларды жақсартуға көмектесетін бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар туризмдегі қызметтердің сапасын жақсарту үшін 6 блок бойынша өздерінің жүйелік және нүктелік ұсыныстарын әзірледі. Іс-қимылдардың бірыңғай хаттамасы келесі күнтізбелік жыл ішінде іске асырылады деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: