astana-view

ҚР ҰКП сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтеді

2014 жылғы 16 Мамыр
7670 просмотров

Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын жедел, әрі жүйелі шешу мақсатында сәуір айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес құрылған болатын.   

Кеңес төрағасы болып Қазақстан Руспубликасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев тағайындалды. Консультативтік-кеңес органы құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Бас Прокуратура басшылары, ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, ҚР қаржы министрлігі , қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері бар.

Кеңестің алғашқы отырысында негізгі міндеттер туралы айтылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің уәкілетті органдары өткізетін сатып алу шараларындағы жариялылық мәселесі қаралып, «СТ-КЗ» форматындағы сертификаттың заңсыз айналымы талқыланады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың Тараз қаласында құрылатын  IT технологиялар колледжі инновациялық жобасын іске асыру ісіндегі қарама-қайшы әрекеті және ШҚО Риддер қаласында бюджет қаржысын жұмсау кезінде орын алған заң бұзушылықтар туралы айтылады.   Кеңес мүшелері моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының негізсіз жұмсалуын талқыға салады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер