Іскер әйелдердің салааралық кеңесінің агитациялық науқаны өтті.
Елордалық Кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдердің салааралық кеңесінің және Кәсіпкерлер аккредиттелген ассоциациялардың агитациялық науқаны өтті.
Соңғы жылдары әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстан экономикасының ажырамас бөлігіне айналды. Әйелдер жиі өздерінің бизнесін ашып, ірі жобаларға қатысып, көптеген салалардың дамуына маңызды рөл атқарып келеді. Дегенмен, әйелдердің бизнеске толыққанды қатысуы мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық деңгейде қолайлы жағдайлар жасау және қолдау көрсету қажет.
Осы мақсатта «Іскер әйелдер» Салааралық кеңесі әйелдер кәсіпкерлерінің алдында тұрған мәселелерді шешу бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Үгіт-насихат науқаны осы мәселелерге назар аудартып, іскерлік қауымдастықтың пайдасына жұмыс істейтін кандидаттарды ұсынуға бағытталды. Әрбір кандидат делегат болып сайланса, өздерінің негізгі жұмыс бағыттарын көрсетіп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен үгіт-насихат науқаны «Іскер әйелдер» Салааралық кеңесінің Регионалды кеңес делегаттарын сайлауға дайындықтағы маңызды кезең болды. Бұл іс-шара кандидаттарға өз идеялары мен бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына маңызды сәт болды. Әйелдер бизнесін қолдау және оларға қолайлы жағдайлар жасау барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қауымдастықтардың басым бағыты болып қалатыны сөзсіз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: