astana-view

Павлодар облысының «Атамекен» Палатасында өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау басталды

2025 жылғы 28 Қаңтар
- Павлодар облысы
1051 просмотров

Бірінші дауыс беру Ақтоғай ауданының кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері арасында өтті.

Өз кандидатураларын «Рамазан» ШҚ басшысы Қайрат Рамазанов пен «Қанжығалы» ШҚ басшысы Дәурен Бейсембаев ұсынды. Сайлау ашық дауыс беру жолымен өтті!

Өңірлік комиссия хатшысы, «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбенов Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжановқа сайлау рәсімін ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, дауыс беру жеңімпазы - өңірлік кеңес делегаты Қайрат Рамазановты құттықтап, оған бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде табысты жұмыс тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер