Ұлытау облысыныңда қосылған құн салығын арттыру мәселесі талқыланды
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңес мүшелерінің, аудандық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы қосылған құн салығы (ҚҚС) шегін төмендету және алдағы уақытта қосымша құн салығын 20 пайызға өсіру болды. Жиын барысында еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту мәселелері де талқыланды.
Кездесуге қатысушылар бұл шешімнің бизнес пен жалпы экономика үшін ықтимал салдары туралы алаңдаушылық білдірді.
Бизнес қауымдастығы атынан петиция дайындау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.
Жиынға қатысушылар ҚҚС көтеру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау кезінде олардың ұсыныстары ескерілетініне сенім білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: