astana-view

Өңірлік кеңес мүшесін ашық дауыс беру арқылы жергілікті бизнес өкілдері таңдады

2025 жылғы 06 Ақпан
- Павлодар облысы
186 просмотров

«БИК» ШҚ басшысы Қуаныш Баймағамбетов пен «А.Р. Кульмамедова» ЖК басшысы Анжела Құлмамедова өңірлік кеңеске кіруге үміткер болды. Әрбір кандидаттың қысқаша түйіндемесі жарияланғаннан кейін сайлау рәсімі өтті, нәтижесінде өңірлік кеңеске Қуаныш Баймағамбетов түсті.

Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов «Атамекен» ҰКП тарихында өңірлік кеңеске сайлау ашық тәсілмен алғаш рет өткенін және екі үміткердің де лайықты болғанын хабарлады. Ол Қуаныш Баймағамбетовті кеңеске сайлануымен, оған бизнес пен аудандық кеңес тарапынан көрсетілген сеніммен құттықтады, сондай-ақ «Атамекен» ӨКП Успен филиалы директорының міндетін атқарушы Қайырбек Құлымбеновке дауыс беру рәсімін сауатты өткізгені үшін алғыс айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер