Туризм және қонақжайлылық салалық кеңесі Павлодарлық «Атамекен» палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесін таңдады
Ашық дауыс беруге қатысушылар екі үміткердің ішінен таңдады: "Ахметкалиев М.Д" ЖК басшысы Мирас Ахметкалиев және "РОМАН-ТУР" туристік компаниясы" ЖШС директоры Игорь Черных.
Шара Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының конференц залында өтті. Оған қатысушылар өңірлік кеңеске Мирас Ахметқалиевті сайлады.
"Өткен жыл бойы бұл салалық кеңес туристік бизнес саласындағы көптеген мәселелерді талқылады. Әрине, бәрі шешілген жоқ; шешілуі немесе талқылануы тиіс мәселелер бар. Сіздерде әріптестеріңізбен бірге кәсіпкерліктің осы саласын қолдауға барлық жағдай жасалған ", - деді өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов Диас Ахметқалиевқа " Атамекен " ӨКП өңірлік кеңесіне сайлануымен құттықтап.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: